Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Мені сабап тастады…”. Бибігүл Төлегенова күйеуінен көрген қорлығын айтып берді

189

https://kaz.365info.kz/artynda-balasy-khaldy-bibigyl-tolegenova-koz-zhasyna-erik-berdi-299929

Бұдан кейін әнші отбасымен бірге жатақханада, училищенің жертөлесінде тұрғанын айтады.

Бірінші күйеуім жұмысыма кеп шу шығара беретін…

“Тұрмыстық өмірде көрген қиыншылықты Құдай басқа бермесін”, – деп баяндады ол.

Әнші қиыншылыққа шыдамаған күйеуі ақырында араққа салынып кеткенін айтады.

“Ол кісі оқымысты, білімді болды. Ал мен ауылдан келгем, не білем? Кітап та оқымағанмын. Сөйтіп жүріп күйеуім маскүнем болып кетті. Мен оған ештеңе айта алмаймын, қорқамын, айтуға ұяламын. Ішкен адамның жайы белгілі ғой. Мен театрға жұмысқа тұрған соң, ол артымнан іздеп келіп, талай шу шығарып, берекемді қашырды. Сонымен бұл адам болмайды деп екі баламды алып, қаштым да кеттім», – деп еске алады Бибігүл Ахметқызы.

Арада 5-6 жыл өткен соң Төлегенова ұзын бойлы, келбеті келіскен Кәмел есімді жігітке тұрмысқа шыққан.

https://kaz.365info.kz/ogan-zhasyrakh-ajel-kerek-bibigyl-tolegenova-tagy-kimge-tiisti-267510

“Әкімші жігіт еді. Қыздардың барлығы да мінезі жақсы, арақ ішпейді деп мақтайтын. Сөйтіп, әрі-бері қарап жүрдім де еңбекқор жігіт екенін білдім. Бой десе бойы, түр десе түрі бар. Екеуміздің әңгімеміз жарасып,

1961 жылы тұрмысқа шықтым. Әкесі кезінде Ленинмен кездескен, сондай білімді кісі екен.

Мен ол кезде Қазақстанның халық әртісімін. Олар маған әртіс болғаннан соң біртүрлі қараған болуы керек”, – дейді Төлегенова.

Екінші күйеуім сабап, қызым екеуміз ауруханадан бір-ақ шықтық

Бибігүл апай екінші күйеуі әкесімен жасты азаматтан қызғанып, ақырында өзіне қол көтергенін де айтты.

“1967 жылы іссапармен Египетке бардым. Келгеннен кейін Мұхамеджан Қаратаев деген әкеммен жасты ағамнан қызғанып, маған қол көтерді. Миым шайқалып, ауруханаға түстім. Театрдағылар “Төлегенованың күйеуі басын балтамен жарыпты” деп шуласты. Мен ондайды жек көремін, ешқашан қол тигізбейтін адаммын.

“Сен сол кісімен екі адам болып әдейі кеттің” деп жала жапты.

Біреулер айдап салған болуы керек. Өйткені ондайы болмайтын. Қайта біреулер маған қараса, күліп отыратын. Жалғыз өзімді ғана емес, қызым мені жақтап еді, оны да ұрып тастады. Сөйтіп екеуміз ауруханадан бір-ақ шықтық. Менің миым шайқалған.

Бәлесінен аулақ, балаларыма зақым келгенше, тұрмаймын деп кетіп қалдым”, – дейді ол.

https://kaz.365info.kz/khajrat-nyrtasty-anshi-dep-eseptemejmin-bibigyl-tolegenova-elimizde-dimashtaj-anshi-bireu-ekenin-ajtty-264360

Бибігүл Ахметқызы жасы 40-қа жақындағанда жас жігітке тұрмысқа шыққан. Алайда ол да жұбайының үйде отырғанын қалап, әншіге күн көрсетпеген көрінеді.

“Қазақтың жігіттері әйелдерін отырғызып қойып, үстінен қарап отырғанды жақсы көреді”, – дейді Ахметқызы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз