Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Мені оңдырмады ғой”. Баян Мақсатқызы кітабында өзін аямағандарға аяусыз жауап қатқанын айтты (видео)

233

Түсіністікпен қарайтындар, мені жақсы көретін адамдар бар, бірақ жек көрініш те жоқ емес. Аямайды, тілін безейтіндер көп. Олар – белгілі тұлғалар, қоғам, БАҚ дегендей. Мұны қудалау дейді.

Тірідей, бас-көзіне қарамай ойына келгенін айтады, жүйкеңе тиеді. Әйел адамдар, шығармашылық адамдары.

Мен осындайдан шаршадым. Сол үшін де осы кітапты жаздым, бұл менің сол адамдарға жауабым. Енді бұдан соң мені түсіне ме, түсінбей ме, онда шатағым жоқ. Бұл – соңғы сұхбат. Әрине, мүлде жоғалып кетпеймін ғой, менің әлеуметтік желілерде парақшаларым бар, балаларым, отбасым, қызық жұмысым бар – мұның барлығы парақшамда болады. Айтайын дегенім, бір жыл бойында мен сұхбат бермеймін”, – деді продюсер.

Сондай-ақ ол әрқашан өз ісіне, кез келген сөзіне өзі жауап беріп үйренгендіктен, бұл жолы да тығылып қалуды жөн көрмегенін айтты.

– Менің күйеуіме еш ренішім жоқ. Екі адам араздасқанда екеуінен де болады ғой кінә, мұнымен толық келісем.

Өзім өмірімде ешкімге кінә тағып, сөккен емеспін. Адам басына не түспейді? Өмір деген сынақ. Не болмайды онда? Мысалы, менің жағдайым өзім үшін үлкен сабақ болды. Мен әрдайым ренішті жағдай туындаса, ең алдымен, өзімнен кінәні іздеп, оған жауап табуға тырысам. Қателеспейтін адам жоқ. Мен де қателесем, періште емеспін. Бірақ кез келген түсінбестік жағдайда бір адам кінәлі болмайды. Кітапта осы туралы да айтылады, яғни өмірге деген көзқарасым, айналамдағыны қалай қабылдайтыным туралы.

Баха, сен интернеттің жұлдызына айналдың дедім

„Шынын айту керек. Біз ешқашан ұрсысқан емеспіз, ол маған ешқашан қол көтерген емес. Мен де оған дауысымды көтерген жоқпын. Біз бір-бірімізді ешқашан төмендетіп, қорлаған емеспіз. Бұл рас. Қарым-қатынасымыздың тым жақсы болғаны соншалық, интернетте видео шыққанда әке-шешем қатты таң қалды. Күтпеді одан ондайды.

Казинодағы видеосы шыққанда, мен жәй қасына келіп: „Жарайсың, сен енді Ютубтың жұлдызысың„ дедім. Болды„.

…Мохитоның дәмін ғана сездім

Баян өмірінің көктемде, махаббат келгенде, Кешью тобының 10 жылдығын тойлайтын кезде өзгергенін айтты.

„Мен қалықтап жүрдім. Не істеп, не қойып жатқанын айналамда білмедім, онда шатағым болмады. Қатты өзгердім. Бұрын ақылдың адамы едім, ақылым да жайына қалды. Жүрегім тарсылдап соқты. Мен жүрегімнің бұйрығына бағындым.

Раушан гүлдерінің иісі, Мохитоның дәмін ғана сездім. Бұл махаббат еді.

Кеш те болса ол маған келді. Мен оған еш өкінбеймін„ – дейді Баян Мақсатқызы.

Күні кеше сатылымға шыққан кітабынан түскен қаражатты Баян Есентаева тұрмыста зорлық-зомбылық көрген әйелдер ұйымын құру үшін жұмсамақ. Оған бұл идеяны сүйіктісі ұсынған екен. Мұнымен қатар, Тұрсын Алагөзов мырза Баян Мақсатқызының 20 мың дана кітабын басып шығарып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз