Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Менің анам тірі – Гүлнар Каримованың ұлы

Ол осыған дейін Facebook желісіндегі “Дети Каримова” парақшасында жарияланған хатын өзі жазғанын растады. Хатында ол анасымен хабарласа алмағанын жазады. Ал тірі екенін қарындасы Иманнан біліпті. “Мен Өзбекстанның Лондондағы елшілігіне хабарласқым келді, бірақ қарындасым хабарласып, барлық қауесетті терістеді. Жұртқа айтқым келетіні анам қарындасыммен бірге Ташкентте және оның жағдайы жақсы. Анамды ешкім де жындыханаға жатқызған жоқ. Ол Өзбекстаннан кеткен жоқ. Осы уақыт бойы Иманмен бірге Ташкентте болды”, – деп сендірді Ислам Каримов.

Еске салайық, осыған дейін БАҚ-тар Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, Гүлнара Каримова қайтыс болды деп хабар таратқан еді. Өзбекстанның қайтыс болған президентінің үлкен қызы 5 қарашада уланып өлді делініп, сол күні Ташкенттегі “Минор” зиратында жерленді делінген болатын.

 

photo_31814

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз