Астана тұрғынын ұрлап кетіп, оны жасамаған қылмысын мойындатпақ болған қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді.
Бұл туралы Астана қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
11-мамырда жедел іздестіру жұмысы кезінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық топтың мүшелерін қолға түсірді. Олар 24 жастағы жігітті қаладағы бизнес орталығының аумағында заңсыз күштеп ұстаған.
Ұсталғандар — Астана, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облысының 27, 28 және 32 жастағы тұрғындары болып шықты.
Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Жапа шеккен адамның айтуынша, 10 мамыр күні түнде белгісіз үш жігіт оны бизнес-орталықтың аумағында ұстап алған. Олар ер адамды ұрып-соғып, қарумен аспанға оқа атып, оны кеңседен ақша мен құжаттар ұрлағаны туралы қолхат жазуға мәжбүр етеді. Қазіргі уақытта жәбірленуші қалалық ауруханада емделіп жатыр.