Әйгілі саясаткер Маргарет Тэтчер бір еңбегінде чехтар туралы жазған.
“Олардың көрмегені жоқ. Гитлердің табанында таптала жаздады. Қызыл империяның қанауында қалды. Жойылған жоқ, бірақ. Жоғалған жоқ. Қайта тірілді. Қайта өсті. Аздаған уақыттың ішінде Еуропаның капиталистік елдерін қуып жетті. Қалай? Қандай жолмен? Өсу-өну, даму, баю түсінігі чехтардың тарихи саналарында сақталған, өйткені. Оны Гитлер де, Сталин де жоя алған жоқ”, – дейді “Темір ханым”.
https://kaz.365info.kz/prajm-plazany-tal-anda-anda-orystildi-zhastar-atty-shoshydy-sarym-ne-dejdi-245051
Түсінгеніміз, мойындау бар. Бұрындары айтыла бермейтін. Біртіндеп белгілі болды. Қазір көзге ұрып тұр. Көрініп тұр. Қазақтілді сегмент өсіп, өніп келеді. Кім көп болса, басымдық да соның жағында емес пе?
Бұдан бұрын Форбсқа сұхбат берген саясаттанушы Досым Сәтпаев Қазақстанда қазақ тілінің ықпалы күн өткен сайын артып келе жатқанын айтқан. Ескерткен. Бұл демографилық тренд. Онымен санасудың қажеттігін тілге тиек еткен. Қашып құтыла алмайтын, кедергі келтіре алмайтын үрдіс деген ол.
«Мұны Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстар ұғынса, түсінсе, қабылдаса», – деген болатын саясаттанушы.
Ал Сәтпаев орыстілді. Орысша жазады. Былай қарағанда, оған орысша оқитын аудиторияның азайғаны тиімсіз. Мұның өзі біраз нәрсені аңғартуы керек, анығында…
Досымның артынан іле-шала танымал қаржыгер Айдын Кәрібжанов та қазақ пен қазақ тілі мәселесі туралы ой-пікірін ортаға салыпты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парашасында жазған.
“Бізді не күтіп тұр?” деп бастаған екен ол.
“1991 жылы Қазақстандағы қазақтың үлес салмағы мардымсыз еді ғой. Жалпы халық санының жартысына да жетпейтін. Солай. Ал қазір қазақтардың саны 70 пайызға жетті. 2030 жылы 90 пайыз болмақ, құдай қаласа” дейді Кәрібжанов.
https://kaz.365info.kz/shala-aza-tar-bilip-zh-ri-der-na-yz-aza-tar-bizge-bauyr-emes-orystildi-aza-233647
Айтуынша, елдегі халық саны қазақ еместердің есебінен өсіп жатқан жоқ. Оралмандардың да халық санына өсіруге қосып жатқан үлесі шамалы. Орыстілділердің отбасындағы бала саны қанша екені тағы белгілі.
Қаржыгер осы арада бір дүниені мойындады.
“Қазақтілді қазақтар көбейіп келе жатыр”,
дейді ол.
Көрдіңіз бе? Ол мұны қайдан біледі? Көріп жүр өйткені. Айналасындағы өзгерісті сезіп жүр. Көшеге шықса да, көлікке мінсе де, дүкенге кірсе қазақша сөйлейтін қауым. Енді қайтеді?
“Қазақ тілі латынға көшуде. Анығында, мәселе латын тілінде емес, тұтас ел қазақ тіліне түпкілікті түрде көшкенде кириллицаның қолайсыздық туғызатынын көзі ашық, көкірегі ояу мамандар жақсы біліп отыр. Латын әліпбиі қазақ тілінің екінші тынысын ашады, көр де тұрыңыздар. Бәрінен бұрын елдегі елдегі этникалық құрылым күрт өзгеріп жатыр. Қазақ тілі төрге озуда. Енді оған ешкім кедергі келтіре алмайды”, – дейді Кәрібжанов.
Айтуынша, елде ағылшын тілі де даму үстінде. Бірақ, оның рөлі мен маңызы әлі де болса айтарлықтай емес.
Кәрібжанов осы арада тағы бір жайттың басын ашқан.
“Бұрынырақта шетел тілін үйренетіндердің көпшілігі орыстілділер-тұғын. Қазір бұл барьер жойылған”
дейді қаржыгер.
Шынымен қайда барады? Қазақстандағы орыс тілінің болашағы бұлыңғыр болса бұлар қайтпек? Барар жер, басар тау табыла ма?
“Орыстілді қазақтарда екі-ақ жол бар.
Бірі – болашағын осы елмен байланыстырғысы келсе тез, шұғыл арада балаларын қазақ мектебіне беру! Бергісі жоқ болса, балаларына білім берудің басқа амалдарын қарастырғаны жөн…
Анығы, басқа заман келді.
Ұлты қазақ еместерде таңдау тіпті де аз. Оларға қазаққа айналу керек. “Қазақстандық” деген түсініксіз ұлтқа емес, қазаққа! Қазақтың құндылығын қабылдаған, қазақтың салт-дәстүрін мойындаған…
Бірақ, бұл тарапта таңдау жасалып қойған. Қазақ еместер бұған қатысты шешімді әлдеқашан қабылдаған” дейді қаржыгер..
Дәл осы арада Кәрібжанов ілгерідегі Сәтпаевтың сөзін қайталайды.
«Мұны Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстар ұғынса, түсінсе, қабылдаса…»
дейді ол.
https://kaz.365info.kz/men-bilem-sot-bahany-nege-bosatpady-260474