Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Мен опасыз әйелмін…” – шымкенттік келіншектің сыры

388

Жасы үлкен кісі. Өте ақылды. Неге екенін, сол кісі бір күні дүкенге соқпаса, іздеп тұратын жағдайда болдым. Ол аға да «сені келіп бір көрмесем ұйықтай алмайтын халге жеттім» деп қалжыңдап қоятын. Бірде «үйге қонақ келуші еді. Қолың тисе қарындасым соларға бір дастархан жасап берсеңші. Еркек басыммен тамақ пісіріп, шай қойып жүгіріп жүру ыңғайсыз болып тұр» деп өтінген. Жанымдағы қызға дүкенді тапсырып, кешкілік Серік ағаның үйіне бардым. Үш бөлмелі, жақсы жабдықталған екен. Бәрі бар. Қуатты өмір сүретіні көрініп тұр.

Дастарханға керек дүниенің бәрін әкеліп қойыпты. Айтылған қонақтары келді. Кезінде бірге оқыған жігіт екен. Жанында ерткен қызы бар. Осы қалаға іссапармен келіпті. Серік ағаға соғып, сәлем беріп кетпек екен. Жақсы отырдық. Түн ортасында қонақтар кетіп қалды. Олар кеткен соң, үстелді тазалап, ыдыс-аяқты жуып біткенше түннің біраз уақыты болды. «Мен қайтайын, дүкендегі қыз қорқып қалар», (түнде дүкенге қона салатынбыз) деп едім. «Ол қыз есікті іштен бекітіп ұйықтап қалды ғой. Мазалама. Қона сал. Қорықпа. Мен тыныш адаммын» деген сөзін айтқан соң сонда қонып қалдым. Серік аға төсек салынған соң қипақтап жанымнан кетпей, біраз әңгіме айтып отырды. Онысын әлгінде ішкен шараптың буы шығар деп ойлағанмын. Бірақ өте тәртіпті екен. «Аға ұйықтаймын. Ертең жұмыс. Дүкенді ерте ашуымыз керек» деп едім, «жарайды қызым жата ғой» деп өз бөлмесіне кетті.
https://kaz.365info.kz/khozdyryp-beredi-almatyda-otbasyly-adamdar-seks-kezdesuge-baryp-zhyr-307676
Содан бастап Серік аға екеуміздің арамызда бұрынғыдан да жақын қарым-қатынас орнады. Жасы менен он бес жылға үлкен. Жанымдағы қыз «Осы аға саған ғашық болып қалған-ау деймін. Жаныңнан шықпайды. Жақсы парасаты, білімді адам. Сондай сыпайы. Әттең, сенен жасы үлкен. Маған лайықтау көрінеді. Маған айналдырып берсеңші, тиіп алайын», деп бірнеше рет айтты.

Бұл менің қызғанышымды оятты. Жанымда дүкенде бірге сатушы болып істейтін қыз байдан шыққан, отызға таяп қалған әккі.

Серік бірдеңе десе, үйіне кіргелі тұр. Алайда ол кісі оған емес, маған көп көңіл бөледі. Тағы бірде жұмыстан соң үйіне шақырды. Түннің бір уағына дейін әңгіме айтып отырды. Ең соңында мені ұнататынын, бірақ жас айырмашылығымыз бар екен айтып, мұңайып отырып қалды.

Бір уақытта мені құшақтап, өзіне тарты. Қарсыласа алмадым. Сол үйге қонып қалдым.

Бірақ төсекте жатқанда шынымды айттым. Өйткені мен пәктігімнен мектепте жүргенде айырылып қалып едім. Он бірінші сыныпта жүргенде әскерден келген бір жігітпен жүріп едім. Сол жігіт болар да болмай бір күні қыздығымды алып тынған. Ақыр соңы ол жігіт мені тастап, басқа біреуге үйленіп кеткен. Соны айттым. Серік аға бәрін түсінді.

«Әр адамның өткен өмірі бар ғой. Өткенді қазбалай берсек, өмір сүру қиындап кетеді. Біз жаңа өмір бастауымыз керек», деген.

Араға жарты жыл салмай үйлендік. Шешем «мисыз қызым-ау, өзіңмен жасты біреу табылмады ма, шалға тигенің не?» деп қатты ренжіді. Тек әкем ғана «мәселе жаста емес, бақытты болсаңдар болды» деп ақ батасын берген еді.

Содан бері үш-төрт жыл өте шықты. Қазір екі баламыз бар. Жаман емес. Берекелі отбасымыз.

Бірақ сол берекені бұзатындай мына бір жағдай болды.

Баяғыда менімен жүріп, қыздығымды алып, лақтырып кеткен жігіт, былайша айтқанда алғашқы махаббатым мені Шымқалада іздеп тауып алды.

«Саған әлі ғашықпын. Қосылғым келеді» деп өлердегі сөзін айтады. «Өткен дүние өтті, кетті. Қайтып қозғаудың қажеті жоқ» десем, бой бермейді.

«Әйелімнің мінезі жаман. Ажырасқалы жатырмын. Сен де күйеуіңнен кет. Бірге бақтыты өмір сүрейік», деп небір тәтті сөздерді айтып жанымды ертіп жебереді.

Бірде көліктің артында күштеп шешіндіріп зорлап тастады. Қарсыласа алмадым. Өйткені алғаш рет етегімді көтерген де осы жігіт қой. Беріліп қалдым.

Содан кейін бе, ол менімен көлікте болуды жиілетті. «Үшінші балаңды менен көрші» деп үздігеді. Үйде күйеуімнің бетіне қарай алмайтын халге жеттім. Кейде «менікі опасыздық» деп өз-өзімнен жиіркенемін. Серік болса ештеңе сезер емес. Өз-өзіме уәде беріп, алғашқы махаббатым келгенде шықпаймын деп қанша тырыссам да, ол звондаған кезде үйден қалай сылтау айтып шығып кеткенімді білмей қаламын. Расында шешем «қаншық» деп ұрысқанындай бар.

Қазір екі адамды да алдап, екеуімен де жатып опасыздық жасап жүрмін.

Егер күйеуім Серік осы тірлігімді білсе, бірден үйден қуып ажырасып кетері анық. Онымен қоймай, ол кісінің маған деген ақ, адал сезіміне қылау түсіретінім анық. Ал мына алғашқы махаббатым болған жігіт мені тек пайдаланып жүрген сияқты көрінеді де тұрады. Әйелімен ренжіскен кезде, маған келіп, көліктің ішінде құмарын қандырып кетеді. Ал «үйленейік, бақытты боламыз» дегені алдамшы сөз секілді.

Бұл күйеуімді тастап, ертең оның етегінен ұстайтын болсам, «өзге еркекпен пәленбай жыл тұрдың. Бір емес екі балаң бар» деп бетіме басып, төбелесіп отыратынымыз белгілі. Бірақ неге екен, ол келген кезде жүгіріп кетемін. Осылайша екі оттың ортасында қалдым.

Шешем айтқандай мисызбын ба, білмеймін.

Қазіргі күйеуіммен қаламын ба, әлде мына алғашқы махаббатыммен қол ұстасып кетемін бе, соған миым жетпей жүр. Сіздер не айтасыздар? Кеңес беріңіздерші.

Лағыл А.
https://kaz.365info.kz/opasyzdar-ajeli-men-zhan-dosynyn-ystinen-tysken-khazakh-307441

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз