Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Мен ондайларды оқымаймын”. Мейрамбек Баянның кітабына қатысты пікір білдірді

Бүгінде Баян Есентаева, Айгүл Иманбаева, Ләйлә Сұлтанқызы және Зарина Омарова сынды шоу бизнес өкілдерінің өз өмірі туралы сыр шертіп, кітап жазғаны белгілі. Осы орайда, Мейрамбек Беспаев олардың кітабын ешуақытта оқымайтынын айтты

“Мен әйел адамдардың кітабын оқи алмайтын шығармын өмірде. Оқығым келмейді. Себебі біреудің өміріне араласқым келмейді. Оның өмірінде не боп жатқанын айтып, пыш-пыш ету маған жараспайтын шығар. Оқысам, қазақ ақын қыздарының өлеңдерін оқимын. Фаризаны оқыр едім. Қазіргі замандастарымның ішкі жан дүниесінде не болып жатқанын білгім келмейді.

https://kaz.365info.kz/mejrambek-pen-khajrat-birlesip-tysirgen-bejnebayan-zharykhkha-shykhty-video-273725

Қазір жаппай бір-екі қызға көп қаракөздеріміз үңіліп жатыр, солардай болғысы келеді. Мысалы, Динара Сәтжан, Баян Есентаева сияқты. Ол жақсылыққа апара ма, жамандыққа апара ма, мен білмеймін. Бірақ көбінесе, біздің қаракөздеріміз солар сияқты болғысы келіп жүр. Солар тәрбиелеп жатыр.

Жалаңаш бейнесін көрсету, оның өзін, ұят емес дегенге келтіру, кейбір жерлерде әдептерден кетіп қалып жатыр. Осы сәнге айналып жатыр. Мені оның барлығы қынжылтады. Мен ондайларды оқымаймын”, – деді Мейрамбек Беспаев.

Бұл мақала ВК-дағы «Атамның басы-ай» тобында қызу талқыланып жатыр

Дереккөз: nur.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз