Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Мен негізі Галантпен жүрем”. Автобуспен соқтығыстан Гелендваген жүргізуші қалай ақталды? (видео)

Айта кетсек, жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында Тілендиев көшесімен қиылысқан тұста болған. Куәгерлердің айтуынша, № 63 бағытында жүретін қоғамдық көліктің жүргізушісі шығыс бағытта автобустарға арналған арнайы жолақпен келе жатқан. Осы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz G-класс Тілендиев көшесіне жетпей Потемкин көшесіне өту үшін дереу бұрылған.

Gelandwagen көлігінде Бекзат Бөшеннің екі жасар баласы болған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Көлік апаты салдарынан 17 адам зардап шекті, олардың сегізі ауруханаға жатқызылды. 

Ал sputniknews.kz-ке берген сұхбатында Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі былай депті:

“Мен көрген жоқпын, бұрылған кезімде автобус болған жоқ. Мен алдында отырған ұлымның өмірін қатерге тігіп қайтемін? Не болғанын білмеймін, мен ол автобусты көрген жоқпын. Ешкімді алдағым келмейді. Мен айнаға қарадым, жеңіл көлік алдымнан өтті… Қалай болғанын білмеймін, бірақ ол өтіп кетті, мен оны өткіздім. Мен бұрылдым, сол кезде соққы сездім. Бәлкім байқамаған болармын. Мен автобус болса ешқашан бұрылмас едім”.

https://youtu.be/Mhqj2dLxzgo

https://kaz.365info.kz/kedejliktin-khorlygyn-aj-ajelim-bir-bajdyn-konildesine-ajnalypty-251039

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз