Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

«Мен қырғыз келіні болғанмын» – Алуа Қонарова өткен өмірінен сыр шертті

266

RinGo World музыкалық орталығының продюсері өзінің болашақ жұбайымен Ыстықкөлдегі демалыс кезінде танысқан. Қарым-қатынастары қарқынды дами бастағаннан кейін Алуа оған тұрмысқа шығады.

«1994 жыл, мен 20 жастамын.
Ыстықкөлдегі кезекті сапарым бойы биік, денелі, мықты қырғыз жігітіне ғашықтығыммен аяқталды.
Мен қырғыз келіні болдым және күйеуімнің туыстарына сәлем салудан бастап, күнделікті тамақ дайындау, үй жинауға дейін — барлық тірлікті жасадым. Орамал тақтым, ұзын халат кидім және неге екені міндетті түрде шұлық киіп жүрдім. Күйеуім маған: «Сен мұнда еңбек-сынақ тәжірибесінен өтіп жатырсың» дейтін. Мен орталықтың қызымын, алматылықпын, түрлі әдет-ғұрыптарды ұстану біздің отбасымыздан болмаған. Сонымен қатар мен анамның жалғыз қызы болдым. Некем ұзаққа барған жоқ, екеуміздің игілігіміз үшін, бәрі Алланың қалауымен», — деп жазды Алуа Қонарова.

Өкінішке қарай, Алуа Қонарова күйеуімен көп ұзамай ажырасып кеткен. Бұған таңдаған ер адамының қызуқандылығы себеп болған.

Кейін Қырғызстанға ол тағы да 27 жасында көшіп барады. Сол кезде ол Бішкектен келген ер адаммен кездесіп жүрген. Сүйікті үшін ол туған үйін тастап, оның жанына көшіп барады. Өкінішке қарай, азаматтық некесі ресмиге айналып үлгерген жоқ, Конароваға қайтадан Отанына оралуға тура келді.

«Бұл менің ең үлкен махаббатым… біз өте жарасымды жұп болдық, таң атқанға шейін әңгімелесетін едік. Бірақ, өкінішке қарай, ол басқа әйелдерге де қарайлай бастады. Бастапқыда опасыздық жасағанын кешіріп жүрдім, ал соңында шыдамым таусылды», — деп еске алды продюсер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз