Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Мен қазақпын» мегажобасына ақшаны аямауымыз қажет – министр Абаев

Осы орайда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев та өз ойын жеткізді.

“Мен өзім бұндай сұрақтың қойылатынын білгенмін. Осы орайда ақпараттық агенттіктерге тақырыптың атауын да ұсына аламын. “Министр Абаев аталған жобаның қымбат болғанын қалайды” деп берсеңдер де болады. Шынымен де, өз басым “Мен қазақпын” байқауының қымбат болғанын қалаймын. Керек болса, демеушілерді тартыңыз. Болмаса, “Қазақстан” корпорациясы да оны өз күшімен іске асыра алады деп ойлаймын. Осы жобаға атсалысқан барлық қызметкерлерге жақсы қаламақы төленуі тиіс. Дәл осы жобаға ақшаны аямайықшы, сапалы дүние болып шықсын. Жақсы әрі сапалы жобаны жасағанымыз жөн”, – деп атап көрсетті Абаев.

Айта кетейік, бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев “Мен қазақпын” атты xалықаралық мегажобаның басталатынын жариялады. “Қазақстан” РТРК” басқарма төрағасы Ерлан Қариннің айтуынша, байқаудың түпкі мақсаты – шалғай ауылдарда жүрген өнерпаздарды үлкен саxнаға шығару.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз