Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

„Мен халтурщик емеспін„. Серікбол Сайлаубек кімге ашулы?

234

Адалдыққа жанықұмар Серікболдың жұмыс кестесі өте тығыз. Ол үнемі ел аралап, концерттік сапарларда жүреді. Бір қызығы, өзге əріптестері секілді кешке кіру құнының қымбат емес, су тегін болғанын жөн санайды.

“Бұған дейін мен 150 ден астам тегін концерт бердім. Оны бірі танымалдылықты арттырудың амалы десе, бірі азаматтылыққа балап жүр. Шынымды айтсам, эфир мен жарнаманы жақсы көрмейтін продюсерімнің қолдауымен тегін кештер өткізіп жүрмін. Нанға ақша таппай жүрген мұқтаж жандар біздің қоғамда қаншама? Олардың да рухани демалып, концерттік кешке куə болып, рахатқа бөленуге құқығы бар деп ойлаймын,-” деп ағынан жарылған жігіт ақшаны емес, адамгершілік пен арды биік қоятынын айтады.

“Менің бір тойға гонорарым – 3000$. Басқа əріптестерім секілді құпия деп өтірік жасырғым келмейді. Бірақ, қайырымдылық шарасы белгіленген болса, маған қанша есе көп көк қағаздарды берсе де бармаймын. Мен ақшаға сатылатын азамат емеспін. Өмірлік ұстанымым – “ердің екі сөйлегені өлгені” сенбесеңіздер кез-келген ұйымдастырушыдан сұрап көріңіздер,-дейді Серікбол Сайлаубек.

Сондай – ақ, Серікбол Сайлаубек өзін “халтура” деп атайтын əріптестеріне де үндеу айтты.

“Мені “халтура” дейтіндерге Алла сана мен сабыр берсін. Мен ол сөз үшін ешқашан намыстанған емеспін, намыстанбаймын. Себебі, қазақ болып туып, қазақтың қуанышына, тойына ортақтасып жүргенім үшін қуанамын. Ал, мені “халтурщик” дейтіндер көре алмайтын, іші тар жандар. Өздерін “фирма” санап, орысша-ағылшынша тілдерін сындырып, əлек болып жүрген əріптестерімді мен менсінбеймін,сыйламаймын. Ондай əншілермен бетпе-бет келіп, 24 сағат еш ауыз жаппастан жарыса аламын. Олар айтып жүрген əндерді мен диванда аяқты жоғары көтеріп жатып айтамын. Мен үшін қазақ әндері нағыз фрима ән болып саналады”,-дейді Серікбол Сайлаубек.

Дереккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз