Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Мен емес”. ҰБТ үстіндегі суретін жариялаған алматылық қыз болған жайды түсіндіріп берді

211

Меньшикованың айтуынша, ол ҰБТ-ны 21-маусымда Абай атындағы педагогигалық университетте тапсырды. Қыздың айтуынша, ол 109 балл алған. Осы қуанышымен әлеуметтік желіде бөліскен Меньшикова елдің сынына қалған. Өйткені сол күні Елена Меньшикованың Instagram желісіндегі парақшасында ҰБТ бланкілерінің суреттері пайда болды. Қыздың айтуынша, сол күні белгісіз біреулер оның парақшасын бұзып алып, онда ескі суреттерді жариялаған.

https://kaz.365info.kz/rahmet-papochka-zhyrguzishi-kualigin-satyp-algan-khyz-makhtandy-253808

“Бұл суреттерді мен мектепте сынақ тестілеуі кезінде түсірген болатынмын. Ол кезде де осындай бланктер болды. Менің парақшамды бұзып, сол жаққа ескі суреттерді сала бастады. Содан кейін мен телефонды қалай алып кірер едім? Сырға үшін мен детектордан екі рет өтуге тура келді. ҰБТ болған күні видеобақылау камерасының жанында отырдым және ешқандай да шпаргалка мен телефон қолданған жоқпын. Бізге комиссия үш рет кіріп келді”, – дейді қыз.

Еленаның айтуынша, ол ҰБТ-дан кейін Instagram желісінде жаңа аккаунт ашып, оның бұрынғы парақшасын бұзған адамдарға хат жазған. Алайда оған әлі күнге дейін ешкім жауап бермеді. Қыздың анасы Полина Меньшикованың айтуынша, оның өзі қызының ҰБТ-да телефон қолдануына қарсы.

“Мен оған ҰБТ-ға телефон алып кіруіне тыйым салдым, себебі біз грантқа түскіміз келді. Екі университетке барып келді. Содан олар онда қызым ҰБТ-ны өзі тапсырды ма, жоқ па – сұрай бастады. Қызым ҰБТ-ны өзі тапсырмаса, мектептегі тестілеуден де өте алмас еді ғой”, – дейді қыздың анасы.

Қазіргі уақытта қыз бен оның анасы құқық қорғау органдарына шағымданбақшы.

https://kaz.365info.kz/ybt-nyn-ekinshi-kyni-ata-analar-balalaryna-telefon-arkhyly-emin-erkin-komektesti-268203

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР БҒМ-ның Ұлттық тестілеу орталығы мектеп түлектерін ҰБТ кітапшаларының мазмұны әлеуметтік желіде жарияланғаны үшін жауапкершілік барын ескерткен болатын. “ҰБТ-ның тест парақшалары – онда құнды ақпарат жоқ. Онда сұрақтар да, кодтар да болмайды. Мұның еш қаупі жоқ. Бірақ осы суреттер арқылы ұялы телефонды ішке алып кіргені белгілі болады. Мұндай деректерді де қарауға аламыз”, – деген еді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз