Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әбдіхалықов пен Жорабаева бақандай 16 жыл отасқан. Екеуінің үріп ауызға салғандай төрт сұлу қызы бар. Өкінішке қарай, айрандай ұйып отырған отбасы ойран болды. Бұған көпшілік Әбдіхалықовты кінәлайды. Тіпті, оны жас қызбен көңіл қосқан деп айыптаушылар көп.
Алайда бұл жолы ашуға мінген Әбдіхалықов шыдамастан, бар шындықты жайып салды.
“Бір-ақ нәрсені айтамын, мен ешкімді тастаған жоқпын. Алтынай мені тастап кетті», – деді актер.
Сәбит Әбдіхалықов жеке өмірі туралы басқа сұрақтарға жауап бергісі келмейтінін айтып, өзін артық мазаламауды да сұрады.