Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Мен де білем…”. Қуандық Бишімбаевтың әйелі сотта өз шындығын айтты

Күйеуімнің позициясын толықтай қолдаймын, ол кадрлық жұмыстарға жеткілікті түрде назар аударуда Мемлекет басшысының да, Қазақстан халқының да алдында кінәлі емес. Ол адам таңдауда қателесті. Аңғалдығы мен сенгіштігінен осындай күйге түсіп отыр деп ойлаймын. Алайда тағылып отырған айып – пара алу мен қаражат жымқыру қылмысын күйеуім жасаған жоқ. Ол Президент пен Үкіметтің барлық тапсырмасын жауапкершілікпен атқаратын.

Ол “Нұрлы жол” бағдарламасын тез арада жүзеге асыруға тырысты және Қазақстандағы шыны зауытының өндірістік бағдарламасын іске асыруға үлес қосқысы келді. Бишімбаев Қуандық өзінің туған жерінде, Қызылордада жұмыс орындарын ашатын шыны зауыты салынғанын қалады”, – деді шенеуніктің әйелі.

Назым Бішімбаева сотта күйеуінің қоғамдық қорғаушысы болуда.

https://kaz.365info.kz/ajelin-ketip-khalady-bishimbaevtyn-ata-anasy-ylyna-khandaj-khysym-zhasalganyn-zhajyp-saldy-288275

Айта кетелік, Астанада экс-министр мен тағы 22 фигурантқа қатысты істің басты сот отырысы осымен төртінші айға жалғасып жатыр. Осы уақыт бойынша процесс қатысушылары барлық сотталушының, куәгердің, іс материалын зерттеп жатқандардың пікірін тыңдап, аудио және видеожазбалармен танысты. Ал биылғы қаңтарда Қуандық Бишімбаев сотқа берген куәлігінде өзіне тағылған айыппен келіспейтінін және істің қалай болғанын өз тарапынан айтып берген болатын.

25 қаңтарда прокурорлар жаңа айыптау актісін ұсынған. Бұдан кейін экс-министрге тағылған айыптарға тек бір пункт қосылып, ал жалпы өзгеріссіз қалған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз