Елімізде шенеуніктердің сыртқы келбеті қатаң қадағаланбақ. Жұмысқа қымбат киім киіп келген мемлекеттік қызметкерлер бұдан бұлай жазаланатын болады. Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жанынан арнайы институт құрылды.
КТК телеарнасының хабарлауынша, әзірге белгілі бір брендке, шенеуніктің жеке көлігінің бағасына қатысты нақты тыйым жоқ. Алайда, мемлекеттік қызметкер барынша қарапайым киінуі тиіс.
Егер мекеме басшысы, әкім немесе оның орынбасарлары ескертуге құлақ аспаса, тәртіптік жауапқа тартылады, тіпті бұдан да қатал жаза қолданылуы мүмкін.
Бұған дейін мемлекеттік қызметкерлерге жаппай отандық көлікке ауысу туралы талап қойылған болатын. Сол секілді жұмыста смартфон пайдалануға тыйым салынған-ды.