Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға дейін мемлекеттік орман қорында 2 миллиард ағаш отырғызылуға тиіс. 2021–2024 жылдар аралығында республика аумағында 1 миллиард 150 миллион түп ағаш отырғызылды. Жоспардың мерзімі ұзартылғаннан кейін, орман қорын толықтыру мен қалпына келтіруге бағытталған кешенді шаралар қайта бекітілді.
Ағаш отырғызу барысында негізінен 1-2 жылдық көшеттер пайдаланылады. Олардың биіктігі ағаш түріне байланысты: жапырақты ағаштар — 10-30 см, қылқан жапырақтылар — 15-50 см.
Бүгінде республика бойынша жалпы аумағы 3178 гектарды қамтитын 251 орман питомнигі жұмыс істеп тұр. Онда 280 миллионнан астам 1 және 2 жылдық көшет өсірілуде.
Айта кету керек, орман шаруашылығы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік орман қорына аудандастырылмаған отырғызу материалын пайдалануға тыйым салынған.