Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Мемлекеттік мекемелерді жармақшы болған жанкештіге қатысты сот үкімі оқылды

Сот барысында Зналиевтің  2011 жылы Пәкістанда « халифат әскері» деп аталатын террорлық ұйым құрғаны анықталған. Бұл ұйымның мүшелері Қазақстан, Тәжікстан сондай-ақ, араб елдерінің тумалары екен.

Зналиев 2011 жылдың 12 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Алматыдағы ҚР СІМ, ІІД аумағында жарылыс жасамақшы болған. 28-30 қазан аралығында Атырау қалалық әкімдігі мен прокуратурасы кеңсесін жармақ болған.

Сот барысында оның жоспарын тергеушілер толықтай дәйектер келтіре отырып дәлелдеді. Күдіктінің өзі де қылмысын мойындап, өкініш білдірген.

Сот қылмыскерді қатаң режимдегі колонияда 20 жыл жазасын өтесін деген үкім оқыды. Сот  шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз