Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Мемлекеттік мекемелер өз қызметшілеріне баспана алу үшін процентсіз қарыз береді

Оның айтуынша, бұл мұғалімдер, дәрігерлер және мемлекеттік қызметшілердің тұрғын үй мәселесін шешуге едәуір көмек болады.

“Үкімет бағдарламаны қабылдағаннан кейін бірден оны жүзеге асырудың тетігін әзірлейміз”, — деді вице-министр.

Айта кетсек, “7 – 20 – 25” тұрғын үй бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен ипотека алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан аспайды. Бастапқы жарна баспана құнының 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады.

Банктерден кредиттерді сатып алатын оператор құрылып, ол “Баспана” ипотекалық компаниясы деп аталмақ.  Бағдарлама 2018 жылдың екінші жартысынан бастап іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз