Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

«Мемлекеттік басқару қызметін қысқартуға болады» — Тұңғыш Президент қорының зерттеуі — Елбасы

22669
Сурет: akorda.kz

Халықтың нақты қажеттілігін ескермедік

Авторлар қазіргі мемлекеттік жоспарлау жүйесінде бірқатар елеулі кемшіліктер бар екенін атап өтті.

— МБК құжаттарының қайталануы, стратегиялық құжаттар көрсеткіштерге толы, жоспарлау жүйесі азаматтардың стратегиялық құжаттарды әзірлеуге қатысуын көздемейді, қолданылатын индикаторлар ескірген, — деп атап өтті олар.

Қолайсыз жүйені неғұрлым икемді стратегияларға ауыстыру керек. Біріншіден,

«Адамдар бірінші орында» тәсілінің негізіндегі мемлекеттік саясатты құрған жөн

Қазірде мемлекеттік саясатты әзірлеу кезінде қоғам өкілдері  тартылмайды, ол «жоғарыдан төмен» қағидаты бойынша қалыптасады. Нәтижесінде маңызды сапалы өзгерістер болмайды.

— Ұзақ уақыттық сипаттағы (апатты және үш ауысымды мектептерді жою, ауыз сумен және тұрғын үймен қамтамасыз ету, автомобиль жолдарының құрылысы және т.б.) проблемаларын шешуде ілгерілеу жоқ, — дейді авторлар.

Сонымен қатар

мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу кезінде халықтың нақты қажеттілігі тиісті деңгейде зерттелмейді

Зерттеушілер стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің әдіснамасы мен рәсімдерін қайта қарау керек деп санайды. Бірінші кезекте келесі мәселелерге  назар аудару қажет:

  • нақтылық — «біздің іс-әрекеттеріміз адамдардың өмірін қалай жақсартады»,
  • өзгерістер теориясы — «біздің іс-әрекеттеріміз бен қалаған өзгерістер бір-бірімен қалай байланысады»,
  • нәтижелер тізбегі —  керекті нәтижеге қарай ұмтылу.

Сондай-ақ, үлкен ашықтық қажет.

— Мемлекеттік жоспарлаудың неғұрлым жоғары деңгейлерінде

онжылдыққа құрылған «икемсіз» жоспарлардан бас тартып, бейімделетін стратегиялар мен сценарийлерді құруға көшу,

— деп атап өтті зерттеушілер.

Ары қарай адамдардың жүріс-тұрысын, мінез-құлқын «басқарудан»  ынталандыру және бағыттауды пайдалануға көшу керек. Алғашқы кезеңде мінез-құлық зерттеулері орталығын құруға болады.

Нәтижеге қарай бағалау керек

— Сарапшылардың есептеуі бойынша, қазіргі кезде

мемлекеттік басқару жүйесі 3 мыңнан астам индикаторлар мен көрсеткіштерді пайдаланады

Ресурстардың басым бөлігі қызмет көрсетуге және басқаруға жұмсалады, —деп атап өтті авторлар.

Ал дамудың негізгі міндеттері толық көлемде шешімін таппаған. Экономиканың құрылымы өзгерген жоқ, өмір сапасында айтарлықтай өзгеріс болмады және т.б. Тіпті Есеп комитетінің есептерінде де мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу сапасының төмендігі оның тиімділігінің төмен болуының негізгі себебі ретінде көрсетіледі.

Авторлар «құжаттарды бағалаудан (іс-шараларды орындау, индикаторларға қол жеткізу)» саясатты бағалауға көшу керек деп санайды. Бұл үшін:

  • халықтың мұқтаждығы мен қажеттілігін бағалау,
  • реттеу сапасы,
  • шығындар мен өндірілген әсердің арақатынасын және т. б. пайдалануға болады.

  Мемлекет

жүргізілетін мемлекеттік саясат шеңберінде терең әлеуметтік зерттеулер жүргізіп,  олардың нәтижелерін бағалау үшін институционалдық сұраныс құру қажет

Ақпарат пен деректерді көбірек ашып, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша тарихи деректерді цифрлау қажет, — деп есептейді зерттеушілер.

Тым көп болса, ол да жаман

Сонымен қатар бүгінгі таңда мемлекеттік функциялар мен қызметтер жиынтығы «қоғам мен бизнестің сұраныстарына толық көлемде сәйкес келмейді».

—Мемлекеттік органдардың  қызметі тым көп және олар  жекелеген тапсырмаларды, міндеттерді, операциялар мен бір ретік іс-шараларды орындайды. Жекелеген мемлекеттік органдар емес, Үкімет деңгейінде жауапкершілікті бекітіп, мемлекеттік органдардың функцияларын түбегейлі азайту және жүйелеу қажет, — деп есептейді авторлар.

Олар осы мақсатта мемлекет функцияларының кейбір базалық тізімін құруды ұсынады. Бұл мемлекеттік органдардың  құрылымын нақтылауға мүмкіндік береді.

— Функциялардың базалық жиынтығы мемлекеттің конституциялық негіздері мен «Адамдар бірінші орында» қағидатын негізге ала отырып тұжырымдалуы тиіс. Қоғамдық қатынастарды реттеу, адамдардың өмір сүру сапасын қолдау және өзгерту және т. б. басымдыққа ие болуы керек.

Барлық өзге міндеттер мен функциялар қысқартылып, бағдарламалар/даму жобалары форматына көшіріледі, жеке секторға беріледі,

— деп нақтылайды.

Тәртіпті қолдау және қоғамдық бөлінбейтін игіліктерді өндіру функциялары өзгеріссіз қалуы тиіс. Авторлар мұндай тәсіл

мемлекеттік функциялар санын 6,5-тен 1 мыңға дейін қысқартуға мүмкіндік береді дейді

Бұдан әрі бірқатар реформалар жүргізуге болады. Бұл:

  • мемлекеттік аппарат құрылымын және мемлекеттік қызметкерлер санын оңтайландыру;
  • мемлекеттік қызметшілердің жұмыс регламенттерін енгізу, әлеуетті, нәтижелер мен жұмыс сапасын жеке бағалау, оның нәтижелерін ескере отырып еңбекақы төлеу;
  • мемлекеттік сектор ұйымдары функционалының қайталануын, мемлекет қатысатын ведомстволық бағынысты құрылымдар мен кәсіпорындардың санын қысқарту мақсатында ведомстволық бағынысты ұйымдарды басқаруды реформалау;
  • мемлекеттік қызметшілерге өнімсіз жүктемені төмендету,  «сыбайлас жемқорлық» ілмектерді қысқарту және мемлекеттік секторды одан әрі цифрландыып, ретке келтірілген хаттамаларды дайындау үшін мемлекеттік органдар жұмысының бизнес-процестерін оңтайландыру;
  • әкімшілік деректерді, ведомстволық статистиканы қалыптастыру, жинақтау және пайдалану процестерін қайта ойластыру.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз