Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Мемлекеттік бағдарламалардың сәтсіздігі үшін жеке жауапкершілік енгізетін кез келді, — сенатор

214

Мемлекеттік бағдарламаларға тағар мін жоқ, бірақ оларды жүзеге асыру сапасы көңіл көншітпейді. Тіпті жоспарлау кезінде ақаулар табылып жатады, одан кейінгі жұмыс жайлы айтпаса да түсінікті. Жағдайды өзгерту үшін кешенді шаралар қажет.

Оның ішіне жазалау да кіруі тиіс

Бұл туралы сенатор Еділ Мамытбеков Палата отырысында мәлімдеді.

Саны бар, сапа жетіспейді

Сенатор бюджетті дамыту мен қалыптастыру болжамы қазір үш сценарийге негізделгенін атап өтті. Ал әсер етудің негізгі факторлары ретінде мұнай бағасы мен әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдай қарастырылады. Бірақ өз даму ресурстарымызды қарастырмаймыз.

— Бюджетті бағалау мен болжаудың мұндай тәсілі соңғы 20 жыл бойы пайдаланылып келеді. Осылайша, экономиканы әртараптандыру факторы шетке ысырылды. Нәтижесінде,

бұл бағыттағы мемлекеттік бағдарламалардың мақсатты нәтижелері толыққанды ынталандырылмайды,

— деді сенатор.

Мамытбеков негізгі факторлар ретінде еңбек өнімділігі, ҮИИДМБ-ның іске асыру барысы және басқа да макроиндикаторлар неге есепке алынбайтыны туралы сұрақ қойды. Ол дәл осы параметрлер көптеген дамыған елдерде өсудің негізгі факторы ретінде пайдаланылатынын айтады.

Бұдан әрі ол салалық бағдарламалардың сапасына назар аударды.

— Бүгінде бағдарламалар қаржыландыруға қол жеткізуден бұрын, оларды іске асырудан мультипликативтік әсерге қол жеткізуге (экономикалық, әлеуметтік және т. б.) қаншалықты бағытталғандығы өзекті мәселе болып отыр, – деді депутат.

Бұл жерде ақаулар барлық кезеңде, зерттеуден бастап, бақылауға дейін көрініс тауып жатады.

Осылардан басқа ол

бюджеттік бағдарламаларға жауапты басшыларының жауапкершілігін күшейтетін кез келді

— деп есептейді.

Атап айтқанда, сапасыз жоспарлау және бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны үшін. Ал тәртіптік жазаға тартудың орнына әсер ету үшін әкімшілік жаза қолдану қажет.

— Бұл “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Бұл ретте бұлтартпас және нақты жазаға тарту керек,

шараның ескіру мерзіміне, бюджеттік бағдарлама басшысының басқа жұмысқа ауысуына немесе жұмыстан босағанына қарамастан,

— деді ол.

Сонымен қатар депутат үкіметпен бірге ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын белгілейтініне қарамастан, Ұлттық банктің “экономикалық өсім үшін заңнамалық деңгейде жауап бермейтініне” назар аударды. Демек, ЖІӨ өсуі үшін жауапкершілік ортақ болуы тиіс. Бұл жағдайда

Ұлттық банк оған мүдделі болып, экономиканы “ұзын ақшамен” кредиттей бастайды

Бүгінде отандық банк секторы экономика үшін инвестициялардың басты көзіне айналмаған.

Теневиктер көп, ғылым аз

Бұдан әрі депутат сарапшылардың бағалауы бойынша ЖІӨ-нің 20%-нан асатын және төмендемейтін көлеңкелі экономикаға назар аударды.

— Көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің тиімді әдісі бүгінде қолма-қол ақшасыз ақша айналымын ынталандыру, меншікті бақылаусыз иеліктен шығаруға тыйым салу болып табылады. Ал акционерлердің, инвесторлар мен кредиторлардың құқықтарын қорғау мемлекеттік басымдық болуы тиіс, — деп санайды Мамытбеков.

Сонымен қатар,

ғылым мен ҒЗТКЖ-ға тым аз қаражат салынады, оларды қаржыландыру үлесі ЖІӨ-нің 0,4-0,6% шеңберінен шықпайды

Нәтижесінде ғылымды қажетсінетін экономика нашар қалыптасады, ал ғылыми нәтижелер өндіріске не енгізілмейді, не жеткілікті түрде енгізілмейді. Тіпті іске асырылып жатқан жобаларға да қаражат берілмейді.

— Мысалы, қазіргі уақытта “Ғылым қоры” АҚ 153 жобаны жүзеге асыруда. Оларды аяқтау және коммерцияландыру үшін 4,6 млрд теңге қажет, – деді сенатор.

Бірақ ақша жетпеді,

жұмыстар тоқтады. Бұған дейін бұл жобаларға қаражат салып үлгерген болса да

— Өкінішке қарай, отандық ғылымның өндіріспен тұрақты байланысы жоқ, инновациялық белсенді кәсіпорындар, университеттер мен ғылыми ұйымдар өтінімдерінің қарсы жүріс негізінде ғылым мен бизнестің тұрақты әріптестігінің схемасы құрылмаған. Мұндай көзқарасқа жол берілмейді және мәселені шешу керек, – деп есептейді сенатор.

Әрбір қатенің аты мен тегі бар

Депутат барлық проблемалардың іс жүзіндегі себептері әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудың жүйесіздігінен көреді. Сонымен қатар, әлі күнге дейін нақты көрініс таппағандығын айтады.

— Бүгінде бюджетті жоспарлаудың нақты тетігінің жоқтығы, бюджетті атқару тетігінің жетілмегендігі, республикалық бюджетті жоспарлау мен атқару тетіктері мен үрдістері арасында тиісті жүйелі байланыс жоқ, — деді ол.

Сонымен қатар, бір жағынан, басқару жүйесінде кәсіби кадрлар жетіспейді. Есесіне “ғылыми негізсіз новациялар енгізумен әуестеніп кетті”.

Қорытындылай келе, сенатор кез келген бағдарлама жүзеге асыру механизмінен айырығанын айтты. Және ол мыналардан тұруы қажет:

• барлық бағдарламалық іс-шаралардың орындалу мерзімін ғана емес, сапасын да қатаң бақылау;

• бағдарламалық іс-шараларды қажетті түзетулермен кері байланыс, бұл экономикалық жағдайға әсер етудің серпінді өзгеретін ішкі және сыртқы факторларын ескеруге мүмкіндік береді. Бағдарламалық құжаттар — бұл догма емес;

• іс-шаралардың орындалуына адрестік жауапкершілік. Бүгінде ол жауапсыз деп санауға болатын дәрежеге дейін жетіп қалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз