Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
1
USD
433
+2.25
EUR
519
+0.51
RUB
5.61
-0.03

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алу үшін жалақы қанша болуы қажет?

2 жылдай орнынан жылжымай қалған ипотека нарығына өткен жылдың аяғында ғана жан біте бастады. Міне, көп ұзамай бұрын-соңды болмаған рекорд орнатып отыр. Ranking.kz-тің мәлімдеуінше, маусымда еліміздегі ипотекалық қарыз көлемі 1 триллионнан асқан. Яғни, тек 1 айдың ішінде ол 1,4 пайызға көбейіпті.

Бұған елордалықтардың қосқан үлесі зор. Астанада тек маусымдағы айлық өсім 4,8 миллиардты құрады. Сөйтіп, ондағы жалпы ипотекалық қарыз 229 миллиардқа жеткен. Екінші орында Алматы тұр.

Мұнда қарыз соммасы 3,3 миллиардқа көбейіп, жалпы көлемі 300 миллиардтан асқан. Үштікке кіретін Ақтөбеде бір айда 885 миллион ипотекалық қарыз қосылып, жалпы сомма 53,5 миллиардтты құрапты. Жағдайға оң әсер еткен «Нұрлы жер» дейді мамандар.

Осы бағдарлама бойынша жыл басынан бері 6,2 миллион шаршы метр аумақты қамтитын баспана пайдалануға беріліпті.

Әрі жылдық үстемақысы да 10 пайыз. Бірақ, екінші деңгейлі банктердің бұл реттегі белсенділігі тым бәсең. Несиені оңды солды таратып жатқан тек мемлекеттік қаржы ұйымдары.

«Азаматтардан 1,9 миллиард теңге көлеміндегі соммаға өтініш түсті. Біз соның 1,7 миллиардын мақұлдадық. Негізі, бағдарлама бойынша 2017-2018 жылдары 120 миллиард теңгелік портфельді қамтуымыз керек. Біз қазір бастапқы кезеңде тұрмыз»,-дейді «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Қажымұратұлы.

Ал, «Нұрлы жер» бойынша баспана алу үшін азаматтардың жалақысы кемі 140-150 мың болуы керек екен. Мұндай қаржының өзімен қыдыруды доғарып, үйде отыруға тура келеді.

«140-150 мың теңге көлеміндегі жалақының 40 мыңын жинап отыру керек. Сөйтіп, кафе, мейрамхана дегенді ұмытқан жөн. 40 мыңнан құйса, оған мемлекеттік сыйақы мен банк беретін 2 пайыз қаржы қосылып,  жыл соңына дейін 600 мың жиналады. Ал 3 жылда 1 миллион 800 мың теңгеге жетеді»,-дейді «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма басшысы Ләззат Ибрагимова.

Салынатын үйлердің сапасы да бұдан былай қатаң бақылауда болмақ. Оны тапсырыс беруші, мердігер, техникалық және авторлық қадағалау жүзеге асырады.

Ал, анықталған кемшілікті 2 жыл ішінде құрылыс компаниясы мойнына алуға міндетті. Айта кетсек, жақында «Нұрлы жер» бойынша үлес құрылыс қатысушыларына кепілсіз несие берілетін болады. Оған құжат қабылдау қыркүйектен басталмақ.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз