Қазақстандықтарды адам басына шаққанда 30 шаршы метр баспанамен қамтамасыз етуге кімнің жауапты екені белгілі болды.
Баспана арзандауы үшін Қазақстанның үкіметі 2019 жылдың ортасына дейін “Нұрлы жер” мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына өзгерістер енгізуі тиіс.
Ресми құжат алты пункттен тұрады, оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына назар аударылған.
“Нұрлы жер” тұрғын үй құрылысы бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, оның ішінде құрылыс пен ипотекалық несие беруді арзандату, 2030 жылға дейін баспанамен қамтылу көрсеткішін адам басына шаққанда 30 шаршы метрге дейін жеткізу”, — деп жазылған құжатта.
Бұған жауапты ретінде инвестиция және даму, ұлттық экономика, қаржы, энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктері, сонымен бірге Ұлттық банк, облыс әкімдіктері, Астана мен Алматы әкімдіктері, “Бәйтерек” ҰБХ және “Атамекен” ҰКП аталды.
Қаулы мәтініне сүйенсек, тапсырма 2019 жылдың маусым айына дейін жүзеге асырылуы тиіс.
Дереккөз: sputniknews.kz