Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мемлекет жеңілдетілген автонесие беру үшін 8 млрд теңге жұмсайды

323

inbusiness.kz

Автобөлшектерді қымбат сатуға болады

Энергетика министрлігі тапсырылған ескі-құсқы коммерциялық техника үшін өтемақыны көтеру туралы шешім қабылдады. 20 ақпаннан бастап коммерциялық техниканы кәдеге жаратуға тапсырған жағдайда отандық авто сатып алуға сертификат 100 000 теңгеге өседі.

“2019 жылдың 20 ақпанынан бастап қолданыстан шыққан жүк көлігін немесе автобусты тапсырған жағдайда иесі 550 және 750 мың теңге шамадағы сертификат алады. Бұған дейін сертификат мөлшері 450 мың және 650 мың теңгені құраған болатын.

Ескі жеңіл автокөлікті кәдеге жаратуға тапсырғаны үшін жеңілдік сертификатының мөлшері бұрынғы күйінде қалады — 315 мың теңге”, — делінген “ӨКМ операторының” хабарламасында.

“ӨКМ операторының” қабылдау пункттері биылғы жылы 25 мың жеңіл және коммерциялық көлікті жеңілдік сертификаттары бағдарламасы бойынша қабылдай алады. Ескі автомобильдерді сатып алу бағдарламасы да осындай мөлшерге есептелген.

Республика жолдарында ескі-құсқы автомобильдер санын азайтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мәселені түбегейлі шешпесе де, белгілі бір сұранысқа ие:

2017 жылдың маусымынан бері 20 939 көлік құралы жеңілдік сертификатына ауыстырылды

Ескі автокөліктерді сатып алуды қарастыратын басқа бағдарлама аясында 67 052 жеңіл автокөлік қабылданып, халыққа 10 млрд 48 млн теңге көлемінде өтемақы төленді.

Несиелерге қосымша 10 млрд

Отандық автоөндірушілерді қолдаудың тағы бір бағыты – жеңілдікпен несиелендіруге қосымша қаражат құю. 19 ақпанда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек осы мақсатқа тағы 10 млрд теңге бөлінетінін мәлімдеді.

“Отандық автоөндірушілерді қолдау мақсатында, сондай-ақ халыққа қолжетімді кредит беруді қамтамасыз ету үшін біз осы құралды пайдалану тәжірибесін жалғастыруды ұсынамыз.

Биыл екінші деңгейлі банктерді жеңілдікпен қаржыландыру арқылы 10 млрд теңге көлемінде бюджеттік қаржыландыру бөлу жоспарлануда”, — деді Қасымбек Үкімет отырысында.

Оның айтуынша,

жеңілдікпен автонесиелеуге тікелей 8 млрд теңге бағытталады,

қалған 2 млрд теңге – коммерциялық техниканы лизингтік қаржыландыруға.

“Биылғы жылға бөлінетін қаражатты алғашқы игеру кезінде 2 мыңнан астам автомобиль шығару жоспарланған, ал келесі жылдары қаражаттың жаңартпалы есебінен бағдарлама бойынша отандық автомобильдерді шығару көрсеткіші жылына орта есеппен 400-500 бірлікке жетеді”, — деп атап өтті министр.

ИИДМ басшысының мәліметінше, 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін бағдарлама аясында 13 992 көлік құралы, оның ішінде лизингке — 747 коммерциялық техника сатылды.

Ұлттық банктің ұсынысы

Автокөлік өндірісін қолдаудың өз нұсқасын Ұлттық банк те дайындады. Қаңтар айының соңында Үкіметтің кеңейтілген отырысында реттеуші басшысы Данияр Ақышев автонесие берудің жаңа бағдарламасын енгізуді ұсынды.

“Бағдарлама нарықтық қағидаттарға сай, несиелерді секьюритизациялау механизмі бар банктер арқылы “7-20-25” бағдарламасының үлгісінде және оның инфрақұрылымдық базасында құрылатын болады.

Неге автомобиль саласы таңдалды? Ол құрылыс сияқты экономика үшін үлкен мультипликативті әсері бар, жоғары технологиялы, капиталды қажет ететін сала болып табылады.

Мұндай бастама импортты алмастыруға оң әсер етеді,

оның ішінде несие беру арқылы қолдау тауып келген тауарлар импорты өсімінің теріс үрдісін жеңуге мүмкіндік береді”, — деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев ұсынысты қолдады:

“(Бағдарлама) жұмыс орындарын ашады. Кредиттеу үшін осындай салаларды таңдау керек: бұл тұтынушы үшін де, өндіруші үшін де оң әсер береді”, — деп атап өтті президент.

Қандай да бір нақты мәліметтер әлі күнге дейін жоқ, бірақ реттеуші жобаны әзірлеу бойынша жұмыс істеп жатыр. Жалғыз (және айқын) мәлімет – жеңілдікпен несие беру тек қазақстандық автомобильдерге ғана қатысты болады.

Өндіріс пен сұраныс өсуде

Осы бастамалардың түпкі мақсаты – отандық автоөндірісті дамыту. Және бұл бағытта жұмыстар табысты жүріп жатыр. 2019 жылы 3109 жеңіл автокөлік конвейерден шықты – бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,5 есе артық. Жүк машиналары (68 – былтырғы 52-ге қарсы) мен автобустар (қаңтар айында 2018 – 1 бірлік, бір жылдан кейін — 39) өндірісі өсті.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) мәліметінше,

ішкі нарықтағы ең танымал 10 үлгінің 7-і Қазақстанда жиналады

Сұраныс өсуде: 2019 жылдың қаңтар айында автомобиль сату 2018 жылдың бірінші айымен салыстырғанда 36%-ға өсті. Барлығы 4 251 жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техника, сондай-ақ 185 жүк көлігі мен автобус сатылды.

“Ағымдағы экономикалық көрсеткіштер сақталған жағдайда ұзақ мерзімді перспективалар сандық өсімнің оң нәтижесінде қалып отыр. Қаңтарда жергілікті өндірілген автомобильдердің үлесі 54% деңгейінде. Бұл көрсеткіш жыл бойы ұлғаяды.

ҚАБҚ 2019 жылы жаңа жеңіл және коммерциялық автокөліктердің сатылымы шамамен 70 мың данаға артады деп күтеді”, – деп атап өтті қауымдастықтың вице-президенті Анар Мақашева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз