Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Мемлекет басшысының жаңа көмекшісі тағайындалды

155

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қыметі хабарлады.

“Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын”, – делінген Жарлықта.

Ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылғаны хабарланып отыр. Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев 1974 жылы туған.

1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2009 жылы Т.Рысқұлова атындағы Қазақ экономика университетінің жанындағы Бизнес мектебін бітірген.

1996-1998 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушы-тәлімгері, оқытушысы, 1998-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жетекші сараптамашысы, бас сараптамашысы, басқарма бастығы, Зерттеу және статистика департаменті директорының орынбасары,

2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің үйлестіру департаментінің директоры, 2014-2015 жылдары – “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі” АҚ басқарушы директоры, 2015 жылғы шілде мен қараша аралығында – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерінде болып, 2015 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз