Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті

 

– Нағыз зиялы білімді ғана болып қоймай, ең бастысы, қуанышта да қиын сәттерде де әрдайым жұртпен бірге болып, ар-намыстың үлгісін көрсетеді, сол арқылы халық бірлігі мен мемлекет қуатын сақтайды. Сіз «Невада-Семей» қозғалысын басқардыңыз және Семей ядролық полигонын жабу ісінде зор көмек көрсеттіңіз. Кейінгі жылдары да жеңіл болған жоқ. Қазақстан шекарасының демаркациясын жүргізіп, тәуелсіздігін нығайту керек болды. Бұл істе де Сіздің үлесіңіз бар. Бүгінде зиялы қауым өкілдері мен бүкіл жастарымыз үшін үлгі болып отырсыз, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев отандық әдебиетті дамытуға айрықша үлес қосқаны, сондай-ақ татулық пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» Алтын жұлдызын тапсырды.

Мемлекет басшысы ақынға мықты денсаулық, отбасы бақытын және шығармашылық табыс тіледі.

Олжас Сүлейменов жоғары атақ берілгені үшін алғысын білдірді және бұл бүкіл Қазақстан әдебиетін қолдаудың көрсеткіші екенін айтты. Ол сондай-ақ өз шығармаларының барлығы халық пен елдің игілігін арттыру ниетімен жазылғанын айтып, мемлекетімізге бақытты болашақ тіледі.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз