Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Елбасы: ЕАЭО-ның нарығы Шығыс пен Батысты байланыстырушы буынға айналуға тиіс

– ЕАЭО-ның біріктірілген нарығы Шығыс пен Батыс арасындағы байланыструшы буынға айналуға міндетті. Біздің одақ аясындағы тауарлар мен қызметтерді еркін ілгерілету –

Қытай басшысы ұсынған «Жібек жолы» экономикалық белдеуі бастамасына сәйкес келеді.

Бұл жоба біздің елдеріміз үшін экономикалық пайда мен өзара мүдделестікті паш ететін ынтымақтастық салаларын өзіне қамтуды көздеп отыр, – деді Елбасы.

ҚР Президенті Қазақстанда «Нұрлы жол» бағдарламасы қолға алынғаны, оның аясында инфрақұрылымдық нысандарды салу және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

– Олар – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі, «Қазақстан-Түркіменстан-Иран-Парсы шығанағы» темір жолы сынды жобалар. Қытайда, Тынық мұхитында қазақстандық логистикалық терминал Лянюньганда жұмыс істеп тұр. Каспий жағалауында жаңа теңіз портының құрылысы жүргізілуде. Осылайша, Қазақстан ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы осынау көлік тармақтары арқылы өңіраралық ынтымақтастық үшін мығым тұғырнама қалыптастыруда,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз