Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Мектептегі кезекші сыныптар: кім және не үшін ата-аналарды оқытудан бас тартуға көндіруде?

651

1-4 сынып оқушылары кезекші сыныптарға қатыса алатындығы ресми түрде айтылды. Жасына және оқуға деген ынтасының төмендігіне байланысты бұл балаларға қашықтықтан оқыту қиынға соғады. Кезекші сыныптар барлық қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, ата-аналардың өтініштері негізінде ашылады.

Айтылған сөз бен шындық

Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, барлық мектеп оқушыларды кезекші сыныптарға қабылдауға дайын. Алайда Бостандық ауданының білім бөліміне кезекші сыныптардың жұмысы бойынша мәліметтерді нақтылау үшін қоңырау шалған төртінші сынып оқушысының анасы Ульяна Тарновская шенеуніктерден түсініксіз нұсқаулар алды:

— Олар маған нақты жауап бермеді. Мектептер дайын емес екенін айтты. Дайын болған кезде бізге қосымша хабарлаймыз, бірақ бұл оңай шуаруа емес, жақын арада дайын болмауы да  мүмкін деп қосты. Біз

  • кабинетті табу,
  • оны жабдықтау,
  • ең бастысы — пандемия жағдайында жұмыс істеуге келісетін (өз өмірінен алаңдаса да) мұғалімді табу секілді шаруаларды атқаруымыз керек.

Сатылы сабақ кестесі

Сондай-ақ, ата-анаға

оқушылардың маска және қолғап киіп отыратынын айтқан

—  Біздің дәріханаларда балаларға арналған қолғаптары бар ма? —  деп таңғалды Ульяна.

Оның айтуынша, білім бөлімінің қызметкері оны

кезекші сынып ашылса да, ата-аналар әлі де жұмыс істемей, балаларды бірнеше рет мектепке апарып жүруі керек

деп үгіттеуге тырысқан.

— Кесте тек сатылы болады. Мысалы: күніне 40 минуттан үш сабақ. Біріншісі 8-00, екіншісі 11-00, үшіншісі 13-00. Мен мұндай ақылға сыймайтын нұсқаны алғаш рет естідім. Бірақ ата-әжелерге мектептің алдына келуге болмайды, өйткені оларға шығуға тыйым салынады.

Білім министрлігі кезекші сыныптардың ашылатынын жариялағанмен, олардың жұмыс істемеуі үшін бәрін жасауға тырысып жатқандай көрінеді

Іс жүзінде мектептер де, аудандық білім бөлімдері де ата-аналарды балаларды мектепке апармауға көндіруге тырысуда. Ал ақшасы барлардың жағдайы жақсы! Кейбір жеке мектептер ашылуда, балалар қыркүйектен бастап партада толық оқиды. Олар коронавирус жоқ басқа планетада ма? Әлде бұл мектептерде қырық жаны бар мұғалімдер жұмыс істей ме? — деп Тарновская Facebook-тегі парақшасында  наразылығын жеткізді.

Ауылдық мектептер мәселесінің шешімі

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, кезекші сыныптарды енгізуде жеке меншік  немесе мемлекеттік  мектеп деп қарастырудың қажеті жоқ. Бірінші кезекте мектептің дайындығына қарау керек.

— Қазір денсаулық сақтау министрлігі шағын жинақты мектептерге офлайн режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, Мен мұны дұрыс деп санаймын.

Еліміздегі мектептердің жартысы шағын жинақты. Онда балалар аз, ең көбі 150 адам. Негізінен ауылдық жерлерде орналасқан

Жеке мектептерге келетін болсақ, олар офлайн жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді және көптеген қорғаныс құралын сатып алып, қажетті жағдай жасады. Олардың кейбіреуінде 100-150 бала оқиды. Тек бастауыш сынып оқушылары жүретінін ескерсек, санитарлық талаптарды сақтай алатынына күмән келтімеуге болады.

Онда және сыныпта қалыпты режимде 10-15 адам болады, неге оларға жұмыс істеуге мүмкіндік бермеске. Сондықтан жөнсіз наразылық білдірудің қажеті шамалы.

Мемлекеттік мектептер ашылмағанына наразылық білдіруіміз керек. Олар да жекелеген оқу үшін сондай қауіпсіз жағдай жасай алады емес пе?

— дейді Смирнова.

Ақыл мен қорқыныш

Депутат егер біз ата-аналарды кезекші сыныптарға апармауға үгіттейтін болсақ, ақыр соңында балалар мектептің орнына «ұзартылған күн топтарына» бара бастайды дейді. Ал олар көбінесе  санитарлық нормаларды сақтау қиынырақ болатын пәтерлер мен кеңсе бөлмелерінде ұйымдастырылады.

Балабақшалар жасырын жұмысқа көшті: ұстаздар мен тәрбиешілер карантинге бейімделуде

— Нәтижесінде, барлық жағдай жасалған мектептер бос қалып, ал ұзартылған күн топтары толып кетеді. Бұл ақылға сыймайтын әрекет. Менің ойымша, аталар мен әжелерге оқушыларды мектепке апаруға тыйым салудың мағынасы жоқ. Олар аулада немерелерімен еркін қыдырып, тіпті бәрі бір үйде тұрады емес пе? Ал

санитарлық дәрігердің өзі балалар қолғап киюге міндетті емес деді

Біреулер ата-аналар балаларын мектепке жібермесін деп, әдейі осындай қисынсыз талап қоятын шығар , —  деп болжады Ирина Смирнова.

Әлемдік тәжірибе

Депутаттың айтуынша,  көптеген Еуропа елдерінде — Германия, Франция, Италия, Англияда мектептер ашылған.

Еуропа қашықтан білім беру процесінен бас тартты

— Олар балалар мен қарттарды азырақ жақсы көреді деп айтамыз ба?  Менің ойымша, олардың жақындарына деген сүйіспеншілігі бірдей.

Бізде қорғаныс шаралары қандай да бір гипертрофиялық тәсілдерге айналды. Оның барлығына берген түсініктемелері таңғалдырады

Мен өздерін қорғағысы келетін санитарлық дәрігерлердің нені қалайтынын түсінбеймін.

Шенеуніктер де алдын ала сақтануда. Егер біреу ауырып қалса, біз бұлай жасаудың керегі жоқ деп ескерткенбіз деп айтады

Яғни олар медицинаның жай-күйіне сенімді емес. Егер бірдеңе болса, көмектесе алмаймыз ба деп қорқады. Менің ойымша, біз осы вируспен бірге өмір сүріп үйренуіміз керек, одан құтылу мүмкін емес. Барлық нормаларды сақтау керек, маска кию керек, бірақ балалардың оқуына тыйым салудың қажеті жоқ. Әлемдік тәжірибе мектепке баруға болатындығын көрсетті, —деп қорытындылады депутат.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз