Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Мектепте ақша жинау фактісін тіркейтін арнайы топтар құрылды

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл ретте осы жылдың өткен мерзімі ішінде бопсалау қылмыстарын ашу 94,7 пайызға дейін жақсарған.

«Осы қылмыс түрімен айналысатын адамдардың құқыққа қайшы әрекеттерінің жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында барлық өңірдегі ішкі істер департаменттерінде тұрақты жұмыс істейтін топтар құрылып, олардың құрамына ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, криминалдық полиция бөлімшелерінің және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері біріктірілді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері оқу орындарындағы ақша жинау және бопсалаумен айналысатын адамдар туралы ақпараттар беру мәселесі бойынша оқу орындарының басшыларымен және оқытушылар құрамымен кездесулер өткізуде», – деп атап өтілген ҚР ІІМ хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз