Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Мектепке ақша жинамақ болғандардың әңгімесін видеоға түсірген келіншекке қысым көрсетілуде

Таңнан бері Ақтөбедегі №22 мектептің дәлізінде ата-аналар топырлап жүр. Көбі – әлеулеметтік желіге тарап кеткен бейнероликтің кейіпкерлері. Онда әйелдер мектепке ақша жинауға қарсы болғандарды жерден алып, жерге салып жатады.

Айқай шыққан сыныптың ата-аналары ақша жинауға мәжбүр екендерін айтады. Өйткені білім ордасындағы мүліктер біраз жылдан бері жаңартылмаған. Сынық партадан балаларының киімдері күнде бүлінеді екен. Егер биліктегілер мектепті уақытылы бүтіндеп отырғанда, мұндай шу болмас еді дейді.

Мектеп директоры қазір бұған бас қатырып отырған жоқ. Ол әлеуметтік желі арқылы жиналыстағы жанжалдың видеосын таратқан әйелге шүйлігуде.

“Мен жеке сөйлесемін. Негізінде ата-аналар қарсы болып отыр. Ата-аналар жиналысын видеоға түсіруге ешкімнің ешқандай құқығы болған жоқ”, – дейді директор Айгүл Алдиярова.

Ал қалалық білім бөліміндегілер қаражаттан қысылып отырған мектептер жоқ деп, бет бақтырар емес. Керсінше, ақша жинаған ата-аналарды кінәлайды.

“Тамыз айында барлық мектептерге екі класты қамтитын партаға ақшаға бөлінді. Мүмкін кейбіреулер баласының тәуірлеу партада отырғызғысы келді ме? Ол енді өздерінің жұмыстары ата-ананың”, – деді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Индира Бексұлтанова.

Жиналыстағы жанжалға қатысты мектеп директоры мен сол сыныптың жетекшісі жазаланатын болды. Олар ата-аналарды бөлмеде жалғыз қалдырғаны үшін айыпталып отыр. Ал ақша жинауға еш қатысы жоқ деп, басшыларына шаң жуытар емес. Бірақ қандай жаза қолданатынын білім бөліміндегілер айтпады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз