Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Мектеп оқушылары мен студенттер «ОҢАЙ» картасын жазда да пайдалана алады

Осылайша, бұған дейін хабарланғандай, биылғы жылы 1 шілде мен  31 тамыз аралығында оқушылар мен студенттерге «Оңай» жол жүру картасының қолданылмайтындығы туралы шешім күшін жойды.

Алматы әкімдігі мен «ОҢАЙ» электрондық билеттендіру жүйесі операторының өзара келісімі бойынша, енді жаз айларында мектеп оқушылары мен студенттер «ОҢАЙ» жол жүру картасын пайдалана алады.

Олардан басқа, жол ақысы бойынша белгілі бір жеңілдіктерге ие азаматтар да өздерінің жеңілдетілген жол жүру карточкасын пайдалануларына болады.

Естеріңізге сала кетелік, мектеп оқушылары мен студенттерге арналған көлік картасының бағасы қалалық қоғамдық көліктердегі  тарифтің 50 пайызын құрайды.

Мұндай жеңілдік жас мөлшері бойынша зейнеткерлерге және 18 жасқа толмаған төрт және одан да көп балалары бар аналарға да  берілген.

Ал Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері, жасы 75-тен асқан зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне теңестіріліген тұлғалар, бірінші, екінші және үшінші  топтағы мүгедектер және жасы 18-ге толмаған мүгедек балалар қоғамдық көлікте тегін жүре алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз