Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мектеп құрылысына қасақана жасаған әрекеттері үшін облыс әкімдерін жазалау керек – сарапшылар

мектеп
2021 жылдың басында Қазақстан Президенті жыл соңына дейін 200 жаңа мектеп салуды тапсырды. Алғашқы нәтижелерді шығаратын уақыт келді. 1-қазандағы жағдай бойынша қаражатты игеру бар болғаны 56,3 млрд теңгені (58%) құрады, жоспар бойынша 96,6 млрд.теңге игерілуі керек. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша игеру 86%-ды, Жамбыл облысы бойынша — 78%-ды, Алматы қаласы бойынша 75%-ды құрады.

Алайда, орташа республикалық деңгейден Ақтөбе (31%) және Маңғыстау (39%) облыстары бойынша көрсеткіш едәуір төмен. Ал Атырау облысында ақша мүлдем игерілмеген…

Неге салмады?

Саясаттанушы Марат Шибұтовтың айтуынша, бұл жергілікті жерлердегі қасақана әрекет. Бұл үшін облыс әкімдерін қателіктерін бетіне басып, орынбасарларын жазалау керек.

– Бізде “жақсы” және “жаман” облыстар да бар екенін ұмытпау керек. Егер Алматыны алатын болсақ, мұнда барлығы жоспар бойынша салынып жатқанын көріп отырмыз: ақшаның 75%-ы игерілген. Сегіз мектеп пен 17 қосымша ғимарат салу керек болатын. Менің білуімше, бәрі салынып жатыр, пайдалануға беріледі. Дегенмен, сәл кешігуі мүмкін. Мен Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде мониторинг жүргізетін боламын.

Атырау облысы бойынша қазан айында қаражаттың мүлде игерілмеуі — мұндай сәтсіздікке жол беру үлкен олқылық деп санаймын. Бұл басшылардың жай ғана жұмыс істей алмайтындығын көрсетеді

Бұл ретте кәсібиліктің жоқтығы барлық әкімдікке тән. Мектеп салу үшін алдымен тендер өткізіп, мердігерді таңдап, оған ақша беріп, үнемі қадағалап отыру керек. Бүкіл тізбек жақсы жұмыс істеп тұруы қажет, — дейді ол.

Жеке компанияларға ма?

Шибұтов атап өткендей, Қазақстандағы кейбір мектептерді жеке инвесторлар салуда. Бұл тәсілдің өз артықшылықтары бар.

  • Біріншіден, тендерді рәсімдеудің ұзаққа созылатын жұмыстары жоқ. Олар бірнеше айда-ақ ұтып алып, құрылысты ертерек бастай алады.
  • Екіншіден, демпингке ұшырамайтын сенімді мердігерді таңдау мүмкіндігі бар.
  • Үшіншіден, жеке инвестор мектеп құрылысына бөлінгеннен көп ақша жұмсай алады.

М. Шибұтов. Дереккөзі – time.kz

Шибутовтың пікірінше, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) моделі осындай жобалар үшін өте қолайлы, бірақ кеңейту мен жетілдіруді қажет етеді.

Депутат Ирина Смирнованың айтуынша, бүгінде Қазақстанда мектеп салғысы келетін және өз ақшасын салуға дайын бизнесмендер аз емес. Бұл оңай емес және өзін-өзі тез ақтайтын бизнес болмаса да.

– Сен ақша саласың, ал мемлекет оны сегіз жылда қайтарады. Не болатыны белгісіз — девальвация ма әлде басқа нәрсе ма

Шартта тәуекелдер жазылмаған, соған қарамастан адамдар сұраныс білдіріп, өздеріне жер беруді сұрайды, бірақ оларға көбінесе рұқсат берілмейді.

Өзара әрекеттесудің күрделілігі

– Менің Алматы облысында танысым, бизнесвумен Күләнда Батырбекова бар. Ол ауылдық жерде жеке мектеп ашты. Басында мен жеке білім беру мекемесі сұранысқа ие бола қояр ма екен деп таңқалдым және күмәндандым. Бірақ қазір ол мектепте көптеген балалар оқиды, ол тағы бір мектеп салды, ол да толды. “Даму” жеңілдетілген несиесі есебінен салады.

Қазір адамдар одан басқа ауылға да мектеп салуды сұрауда, бірақ шенеуніктер оған жер бермейді. Мектепке 3-4 гектар жер бөлуге мүмкіндік болса да. Ол бұл жерді сатып алуы және өз ақшасына салуы керек. Тек сегіз жылдан кейін ол салынған қаражатты қайтара алуы мүмкін

Егер әкімдіктер қолдау білдірсе, жеке меншік иелері қуана-қуана жиі мектеп салар еді деп ойлаймын. Бірақ шенеуніктер қолдау да білдірмейді және өздері де салмайды. Егер бөлінген ақша артық қалса, оларды басқа қажеттіліктерге бағыттауға рұқсат етілуі мүмкін. Мүмкін олар осы сәтті күтіп жүрген шығар? – деп сұрады Ирина Смирнова.

“Жоғарыдан” дұрыс көзқарас

Алдағы уақытта салынатын мемлекеттік мектептердің құрылысы туралы айта отырып, Смирнова білім және ғылым министрлігі белгілі бір аймақта және белгілі бір жерлерде мектептердің қажеттілігі мәселелерін сапалы пысықтады деп санайды.

– Мен олардан Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың соңына дейін салуды тапсырған мыңдаған мектептің орналасу картасын өзім көрдім.

Онда, мысалы, Түркістан облысында 44 мектеп салынуы тиіс екені ғана анықталмаған. Сонымен қатар көшесі мен мектеп салынатын жер нақты көрсетілген. Барлығы онда тұратын балалардың санын және жақын орналасқан мектептерде шамадан тыс жүктемені ескере отырып жасалған

Бұл осы уақытқа дейін алғаш рет жасалып отыр. Бұған дейін Білім министрлігі бірнеше рет мектепті қажетсіз жерге салғаны үшін бірнеше рет сынға ұшыраған болатын. Мысалы, 160 адам тұратын ауылда 1200 оқушыға арналған мектеп салынған, – дейді депутат.

“Төменде” орындамау

Ирина Смирнованың пікірінше, кейбір аймақтарда ақша бөлінгеніне және тапсырма берілгеніне қарамастан мектептердің салынбауы, аймақ әкімінің мектептерге қатысты мәселеге қызығушылығының жоқтығынан.

Шенеуніктердің егер президент мектептер салу керек деп айтса, онда бұл мәселе кейінге қалдыруға болмайтыны, өйткені бұл қажеттілік өте байыпты зерттеліп жатқаны ойына да келмейді

— Және де бұл елдегі демографиялық жағдайды айтпағанда. Өткен жылы, мысалы, туылған балалар саны соңғы рет 1987 жылы туылған балалармен бірдей болды  — шамамен 425 мың.

Ирина СмирноваИрина Смирнова, фото parlam.kz сайтынан

Кейінгі жылдары бұл көрсеткіш төмен болды. Міне, біз кеңестік Қазақстандағы сияқты межеге шықтық, алайда ол кезеңде халық саны көп болса да. Биыл 500 мың бала дүниеге келеді деп болжануда. Мен 2025 жылға қарай миллион баланың мектепте орны болмай ма деп қорқамын. Осыған сүйене отырып, мектептер салу керек екені түсінікті. Алайда

бұл процеске немқұрайлы қарау, онымен айналысқысы келмеу қаражаттың игерілмеуіне әкелуде

Олар басқа нәрселермен айналысады – жол жиектерін ауыстырады және т.б. Бұл балаларға және мемлекеттің білім беру қажеттіліктеріне мүлдем немқұрайлы қарау. Мүмкін, жергілікті шенеуніктерді басқа да мәселелер қызықтыратын сияқты, – дейді депутат.

Облыс әкімдерін таңдау

Ирина Смирнованың пікірінше, аймақтық шенеуніктерге балаларын сол мектептерде, өз аймағында оқытуға міндеттеу керек. Сонда шенеуніктер жағдайды жақсы түсініп, процеске көбірек қатысатын болады.

— Мысалы, мектеп 600 орынға есептелген және екі ауысымды мектеп деп аталады, ал іс жүзінде онда екі мың бала оқиды. Шын мәнінде, бұл үш ауысымды деп айтуға болады, тек екі ауысымда оқитын бала саны көп.

Мұның бәрін бағалау үшін депутаттар кейде аймақтарға тексеруге барады. Кейде әкім тіпті кездесуге шақырмайды және кездеспейді де – ешкімді көргісі, тыңдағысы келмейді. Ол өз аумағында өзін “патша” сезінеді

ол тек өзіне қызықты нәрселермен ғана айналысады. Егер мектеп салынбаса, әкім орнынан кетуі керек. Ауыл әкімдерін ғана емес, аудандық, облыстық әкімдерді де таңдау қажет деп санаймын. Бюджет қаражатының негізгі бөлігін облыс әкімдері басқарады. Олар аудандар мен ауылдарда білім беру орындары салынуы үшін ақша бөлуі тиіс, — деп сенеді Смирнова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз