Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Мектеп-интернат тәрбиешісі шәкіртін ұрып тастаған

101

Құқық қорғаушының айтуынша ” Жайсаң” арнайы білім беру ұйымының тәрбиешісі шәкіртін өлімші етіп сабаған. Ал бұл жағдайдан мектеп-интернат директорының хабары болса да, оған көз жұма қараған.

Ведомстваның ақпаратына сүйенсек, Ару Ана қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әлима Әбдірованың арнайы интернатта баланың соққыға жығылуы туралы арызы 2018 жылдың 21 ақпанында прокуратураға түскен. Шағым түсе салысымен Мәртүк АІІБ сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.

Тергеу кезінде биылғы жылдың 15 ақпанында мекеме тәрбиешісі түскі ас кезінде асханада отырған шәкіртін өзге оқушымен төбелескені үшін ұрып жібергені анықталды. Ұстазынан таяқ жеген мектеп-интернат оқушысы 2003 жылы туылған. Қазір тергеуді облыс прокуратурасы өз бақылауына алды.

Оқушысын өлімші етіп сабады деп Мәртүк ауданы Жайсаң ауылының 27 жастағы тұрғыны күдікті ретінде танылды.

Тергеу нәтижесі бойынша, 1 наурызда қылмыстық іс облыстық жасөспірімдер ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз