Мейрамбек Беспаев өзін керемет әкемін деп санай алмайтынын айтты. Әнші «Хабар» арнасына берген сұхбатында балалардың тәрбиесімен көбіне ата-анасы мен жары айналысатынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
«Мен өзімді керемет әкемін деп санай алмаймын. Балалардың тәрбиесімен көбіне Мархабат, әке-шешем айналысқан соң олай айта алмаймын. Өйткені қастарында көп бола бермеймін»,- деді ол.
«Жиын-тойларда болмаса күнде кездесе бермейміз. Интернеттен қарап отырып: «Міне бүгін үйге келіпті» деп жатамыз. Күнде сағынып тұрамыз»,- дейді анасы.
Ал сахна королінің әкесі болса баласының сыртта жүргеніне еттері үйреніп кеткенін айтты.
«Кәусар мен Әбухайырды көрмесек тұра алмаймыз. Мейрамбектің сыртта жүргеніне үйреніп қалғанбыз. Телефон арқылы тілдесіп тұрамыз»,-деді әншіні әкесі.
Еске салсақ, Мейрамбек Беспаев бүгінде бір қыз, бір ұлдың әкесі.
Т