Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мейрамбек Бесбаев Нұр-Сұлтан әкіміне жылы лебізін жеткізді

230

“МұзАрт” тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев Нұр-Сұлтан қаласының жаңа әкімі Алтай Көлгіновпен түскен суретін желідегі парақшасына жүктеп, жазба қалдырған. Басшыны жер көкке сыйғызбай мақтаған өнер иесі Көлгіновтың жақсы қасиеттерін жіпке тізіп шыққан.

Сонымен қатар, Мейрамбек Бесбаев Алтай Көлгіновтың білімі мен біліктілігі ұштасқан мықты маман екенін де тілге тиек етті. Ол жаңа басшыға тек жақсылық тілейтінін жеткізген.

“Бас қаламыздың жаңа басшысы Алтай Көлгінов мырзамен. Кез келген істі ұршықша иіріп, допша дөңгелетіп алып кететін нағыз азамат. “Ұлтқа қызмет ету білімнен емес мінезден”, – дейді Әлихан Бөкейханов атамыз. Білімі де, мінезі де бар, ұлтқа жаны ашитын жігіттің нақ өзі. Жанұяңа ырыс-құт, заманымызға тыныштық тілеймін!”- дейді Мейрамбек Бесбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз