Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Панк па, гот па?” Дөненбаеваның шашын көрген мамандар не дейді?

255

Өйткені құқық саласы тармағы басшысының шаш үлгісі елдің көзіне ерекше көрініп, көптің талқысына түсіп жатыр.

Естеріңізде болса, биыл мемлекеттік қызметкерлердің тәртібіне қатысты бір кеңесте ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков мемлекеттік қызметкерлерге:

„Мейілінше қарапайым болыңдар! Қазір мемлекеттік қызметкерлерге халықтың назары ерекше ауған. Барлығы лезде интернет пен әлеуметтік желілерде пайда бола қояды„

деп ескерткен еді.

Бұл ескертуді ерекше көзге түсетін шаш үлгісін таңдаған Гүлвира ханым естімей қалған ба?

Қалай дегенмен де бұла арада көпті алаңдатқан сұрақтың бірі: Тәртіп саласы дресс-кодына осындай шаш үлгісі сай келе ме?

Мұның жауабын білмек ниетте біз Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне хабарласқанымызбен, тікелей байланысқа шыға алмадық.

Әзімбай Ғали

Ал отставкадағы полиция полковнигі, саясаттанушы Әзімбай Ғали өзінің кезінде ішкі істер саласында әйел адамның шаш үлгісіне қатысты жинақылықтан басқа, қатаң шектеу болмағанын айтады.

– Полицияда киім-киіске, жүріс-тұрысқа өте қатаң талаптар қойылады. Әрине, ер-азаматтардың шаш үлгісіне қатысты белгілі бір шектеу бар. Бірақ әйел затының шаш үлгісіне қатысты, жинақылықтан басқа, қатаң тәртіп қойылмайды. Сондықтан, өз басым, астаналық көші-қон басқармасы бастығының шаш үлгісінен қандай да бір дөрекілікті байқап тұрғаным жоқ. Бастысы, шашы жинақы ғой. Ал кім ел алдында сәнді болып көрінгісі келмейді?

Ол – әйел адам. Сондықтан бұған түсіністікпен қараған дұрыс.

Суретті талқылаушылардың көбі полиция саласы маманының шаш үлгісін панк стиліне ұқсатқан екен. Алайда біз хабарласқан

Diamond group сән салонының шебері Рашида Құдайбердиева бұл шаш үлгісінің ешқандай стильге жатпайтынын, оның мүлде сәнге қатысы жоқтығын айтып салды:

Рашида Құдайбердиева

– Адамның шаш қою үлгісі оның психологиялық мінез-құлқынан хабар береді. Сондықтан шаш үлгісін қоюда оған үлкен мән беру өте маңызды. Ал мына шаш үлгісі сәнге жатпайды. Адамның сыртқы келбеті мен шаш үлгісі мүлде үйлесіп тұрған жоқ. Әрине, бұл – шаштараз маманның өрескел қателігі. Стилді деген міндетті түрде бір жерін қырып тастауды білдірмейді. Қазір адамның бетімен тұтасатын шаш бөлігін қыру мүлде қолданылмайды.

Әрине, өз бетімен қырынатын адамдар бар: панк немесе готтар. Ол – стиль емес, мәдени ағым. Бірақ оның бұл кісіге мүлде қатысы жоқ деп ойлаймын. Бұл арада шаштараздың өрескел қателігінен басқа ешнәрсе көріп тұрғаным жоқ, – дейді сәнгер маман.

Қалай дегенмен де, бұл ретте, ҚР Ішкі істер министрлігінің өз жауабы болады деп ойлаймыз. Өйткені халық өз сұрағына ресми түрде әлі жауап ала алмай отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз