Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Медициналық сақтандыру қорындағы ақшаны кімдерге қайтарады

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу 2020 жылға шегеріледі.

Қордың Қостанай облысындағы филиалы түсіндіргендей, көптеген жеке кәсіпкер жарнаны алдын ала, 2018 жылдың қаңтары үшін төлеп қойған. Алайда 1 қаңтардан бастап заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енді.

“Жеке кәсіпкерлер өзіне төлем жасамайды, қызметкерлері болған жағдайда ғана жұмыс беруші ретінде ақша аударады. Шаруа қожалығы төлемнен босатылды. Енді 2018-2019 жылдары жалдамалы қызметкерлері бар жұмыс берушілер ғана төлейді. Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық-құқықтық сипаттағы шартпен жұмыс істейтін тұлғалар да босатылды, олар 5 процент көлемінде төлеп келген болатын.  2020  жылдан бастап мөлшерлеме 1 процентке дейін төмендетіледі, яғни жеңілдік жүреді”, — деп түсіндірді Міндетті медициналық сақтандыру қорының Қостанай облысындағы филалының директоры Сәуле Аймұхамбетова.

Демек, Міндетті медициналық сақтандыру қорына 2018 жылдың қаңтары үшін жарна төлеген жеке кәсіпкерлер қаржысын ресми өтініш жазу арқылы қайтарып ала алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз