Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығын тапсыру салтанатын күзге ауыстырды

156
Сурет: ҚР мәжілісінің баспасөз қызметі

Құрамында мәжіліс депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері, партия өкілдері бар сыйлық беруді ұйғару жөніндегі комиссияның шешімімен биыл жеңімпаздар жеті номинация бойынша анықталды. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздарын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының барлық өкілдерін кәсіби мерекелерімен  құттықтады.

Сонымен қатар, Нығматулин бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы заң шығару процесіне белсенді қатысатынын, журналистер мен депутаттық корпустың бірлескен жұмысының жемістілігін атап өтті.

«Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясында «Qazaqstan dauiri» бас директоры Сәуле Мешітбаева мен «Караван» газетінің бас редакторы  Игорь Шахнович лауреат атанды.

«Үздік телевизиялық сюжеті үшін» номинациясында «Хабар» және «Евразия» бірінші арнасы» телеарналарының тілшілері Индира Жылқайдарова мен  Светлана Пенькова лауреат атанды.

Тимур Хусайнов («Егемен Қазақстан») және «Литер» газетінің ұжымы «Үздік баспа басылымы үшін» номинациясының лауреаттары атанды.

«Abai.kz» ақпараттық порталы және  Серик Сабеков («Kazinform») «Үздік интернет және радиоматериал үшін» номинациясында лаурет болып  танылды.

«Арнайы репортаж» номинациясы бойынша «Парламент сөзі» сыйлығын «Қазақ радиолары» және «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Марк Брюшко алды.

Ал «Үздік бейне – және фотоматериал үшін» номинациясында «Nur Media» фотографы Советбек Мағзұмов пен «Хабар» телеарнасының бас операторы Еділ Ермекбаев лауреат атанды.

Биыл алғаш рет әлеуметтік желілерге жарияланған үздік материалдар арасында да жеңімпаздар анықталды. Бұл номинацияның бірінші жеңімпаздары журналист-блогер Өркен Кенжебек және YEDILOV ONLINE Telegram-арнасының авторы Ербол Еділов болды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің бастамасымен биылғы жылы «Парламент сөзі» арнайы сыйлығы» номинациясы мелгілсіз қаза болған белгілі қазақстандық журналист Бейсен Құранбекке берілді.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Бейсен Құранбектің отандық телевизиялық журналистиканың дамуына қосқан  үлесі зор, сондай-ақ оның жоғары кәсіби қасиеттері көпшіліктің мойындауына лайық.

2016 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін сыйлық қорытындысын шығару коронавирус пандемиясына байланысты биылғы жылы бірқатар өзгерістерге ұшырады. Мәжілістің символикасы бар эксклюзивті мүсіншелермен, сондай-ақ сыйлық лауреаттарының дипломдарымен марапаттау рәсімін күзгі парламенттік сессияда өткізу жоспарлануда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз