Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Мәжіліс төрағасы Нығматулин Жапония елшісін қабылдады

Мәжіліс төрағасы мәлім еткендей, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэнің арқасында бүгіндері екі елдің қарым-қатынасы кең стратегиялық ынтымақтастық деңгейіне көтерілді. Қазақстан мен Жапония – ядролық қарудан бас тарту және оны таратпау, атом энергиясын бейбіт түрде дамыту, тұрақты даму істерінде өте жақын одақтастар.

Өз сөзінде Ниғматулин 70 жылдық тарихы бар Жапония парламентінің ерекше тәжірибесін үлгі етіп, сөз қылды. Қазақстандық депутаттарды сандық экономиканы енгізу, кибер қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы инновациялық процестерді дамыту тұрғысындағы заңнамалар қалай жасалғандығы қатты қызықтырады.

Мәжіліс төрағасы ЕХРО көрмесі кезінде Жапония павильонына кісінің көп келгенін де баса айтты.

ЕХРО көрмесін сәтті өткізуімен Қазақстанды құттықтаған Итиро Кавабата Астана қос елдің барлық қарымқатынасын нығайтуда өте жақсы алаң болғанын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз