Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Мәулен Әшімбаев: Қырғыз президентінің мәлімдемесі біздің қарым-қатынасымызға селкеу түсіреді…

Ал ол қандай себеп, немен байланысты, оны дөп басып айту қиын», – деді ол қос палатаның отырысынан кейін баспасөзге берген сұқбатында.

– Оларда қандай да бір саяси күрес жүріп жатқан секілді, саяси күштер арасында шиеленіс те жоқ емес сияқты. Сондықтан мұндайда «жағдайды ушықтыру» үшін осындай амалдар қолданылып жатқан сыңайлы.

Қырғыз президентінің қандай да бір ішкі саяси мақсаттарға қол жеткізгісі келуі мүмкін.

Дегенмен біз халықаралық саясат, ел арасындағы қарым-қатынаста қандай да бір айла-шарғы үшін жасалатын мәлімдемелердің, іс-әрекеттің нысанына айналмауы тиіс екенін баса айтуымыз керек. Өйткені бұл арада біздің елдің қауіпсіздігі мен ұлттық мүддесі ілініп кетіп жатыр, – дейді Мәулен Әшімбаев.

Депутат Қазақстанның Қырғыз еліне жылдар бойына дамылсыз қолдау көрсетіп, көмектесіп келе жатқанын да баса айтты.

«Біз қолымыздан келгенін аямай, көптеген жылдар бойына Қырғыз елін қолдап келе жатқан мемлекетпіз. Сондықтан мұндай мәлімдеменің ақыры жақсылыққа апармайды.

Әрине, ол біздің қарым-қатынасымызға селкеу түсіреді, бірақ Қазақстан көрші елмен сындарлы қарым-қатынасын ары қарай дамытуды жалғастыра береді.

Біз барлық біріккен жобаларды қолдап, екі ел азаматтарының бір-біріне кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасап, трансшекараралық бағыттағы әріптестікті одан әрі нығайтып,

екі ел халқының игілігі үшін мұндай шамға тиетін мәлімдемені көңілге алмауға тырысамыз»

, – деді депутат.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз