Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Мәссаған!”. Талғардағы сұмдық той болмайтын болды (видео)

277

https://kaz.365info.kz/mynau-khytaj-goj-talgarda-maskhara-toj-bolatyny-ras-pa-foto-320108

Тойды кім дүркіретіп өткізгелі жатқанын білмеймін. Бірақ мынау халықтың әбден мәңгүрттеніп, намыстан жұрдай болғанын көрсетеді.

Есі дұрыс адам қызы кәпірге тигені үшін той жасаушы ма еді! Талғарда қазақтан басқа жиырма шақта диаспора (ұлт) тұрады. Бәрі бізге артын ашып күлетін болды.

Ең жаманы – бұл той енді осы сияқты кейін өтетін басқа тойлардың ең біріншісі болайын деп тұр. Қытайлар келмей жатып қазақтан қыз алып жатыр. Ертең бәрі келіп болғанда демографиялық дүмпу болып жүрмесін!” деп жазған еді.

Ал енді мына жаңалыққа тіпті қайран қалдық.

Талғарда бүгін өтуге тиісті қытайға тиген қазақ қызының тойы туралы тағы да Жолымбет Мәкіш жазған екен. Автордың жазбасын қаз-қалпында ұсынғанды жөн көрдік.

https://kaz.365info.kz/ol-azhyraskhan-khara-nasildige-tyrmyskha-shykhkhan-khazakh-khyzy-agynan-zharyldy-foto-310017

“Талғарда бүгін қытайға тиген қазақ қызының тойы болуы тиіс болатын. Бір топ жігіт ашуланып барған екен, полиция тойды да тоқтатып тастап, әлгі жігіттердің де тең жартысын ұстап алып кетіпті.

Бұл не, қазақ қыздарының қытайға тигенін үнсіз қолдағандары ма, әлде олардың заң бұзушылық болмасын деп істеп отырған бұйрықшылдығы ма өзінше?

Олай болса, ұсталғандарды босатып, мұндай жағдайды енді қайтып болдырмасын!

https://kaz.365info.kz/bauyzdap-tastagan-khostanajdagy-tragediyaga-khatysty-zhantyrshigerlik-derekter-shykhty-foto-320793

Қоғамда қақтығыс күшеймесін десе, осындай жағдайдың алдын алатын, қыздардың шетелдіктерге тиюіне тыйым салып, ондайларды азаматтығынан айыратын заң керек. Түк қиын емес қой, неге біздің билік жағдайды сонша асқындыруға құмар, түсінбеймін!”, – дейді журналист.

Ал желіде жарияланған мына видеоға қарағанда той басталмай жатып, тарқаса керек.

Видео авторы Марат Халықовтың айтуына қарағанда той болмайтын болыпты, мейрамхана қожайыны той иелеріне алдын-ала берген ақшаларын қайтарып беріпті…

https://www.facebook.com/100016273267629/videos/244954562723651/

https://kaz.365info.kz/ol-kisi-biledi-kieli-samarkhanda-symdykh-zhagdaj-boldy-video-320704

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз