Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Масондар, “Тоғыз белгісіз”. Адамзаттың болашағы кімнің қолында?

2297

Тоғыз ғұламаның орнын олар өлген соң, өзгелер басып отырды. Әрине, қанша тырысса да олардың қолынан түрлі қақтығыстарды, қасіретті оқиғаларды тоқтату келмеді. Бәлкім, ондай жағдайлардың болғанын сәл азайтқан да болар. Бірақ жұмыр жер бетінде толыққанды билік жүргізу ешкімнің қолынан келе бермесі хақ.

Қазір де өмір сүріп отырған бұл «Белгісіз тоғыздықтың» құрамында кімдер бар, кімдер болды деген заңды сұрақ туары хақ. Бірақ дөп басып «мынау болды, мынау қазір сол ұйымның мүшесі» деп ешкімді көрсете алмайсын. Себебі ұйымның құпиясы сонда. Әр кездері бұл қоғамның құрамында Рим папасы Сильвестер ІІ, Үнді жұртын билеген моголдардың падишахы Әкбар болыпты деген жазбалар бар. Содан болар, бұлардың қай-қайсы да халыққа жақын болған, олардың қамын жеген.

Өздері билеген мемлекетте өлім жазасын тоқтатқан. Адамдар арасында мейрімділік, бауырмалдық дәнегін сепкен.

Ұйымға мүше болып атақты суретші Леонардо да Винчи, Роджера Бэкон, Парацелса сияқты ғұламалар енген.

Дегенмен құпия ұйымның адамзаттан жасырған ілімдері кейде желауыз мүшелерінің арқасында сыртқа тарап кетіп отырған. Солардың айтқанына қарағанда, бүгінгі күні адамзаттың иглігіне жарап жатқан көптеген дүниелер сол ықылым заманда-ақ, ойластырылып, алыс болашақта жүзеге асады деп жобаланып қойған секілді.

Мәселен, ХШ ғасырда сол ұйымның белсенді мүшесі болған ағылшын монах-философы Роджер Бэкон көп ұзамай дүниеге ғарыш әлемін зерттейтін телескоп, ұшақ, автомобиль және телефон келетінін айтып кеткен. Неге ол құпияны ашты? Ол жағы жұртқа белгісіз. Бәлкім, адамдар болашаққа сенсін, үлкен үмітпен өмір сүрсін деді ме екен? Ал Леонардо да Винчи тікұшақ, сүңгуір қайық, шынжыр табанды және дөңгелекпен зымырап жүретін көліктер адамдарға қызмет ететінін жазып қалдырған. Тіпті сұлбасын да сызып беріп кеткен. Бұған не дейсіз?
https://kaz.365info.kz/rejting-khugan-darakhy-elmiz-byl-kimnin-sayasaty-308982
1636 жылы ұйым мүшесі Швентер деген данышпан телеграф дүниеге келетінін, адамдар бір-бірімен сымсыз құралдармен сөйлесетінін жұртқа жайып жіберген. Ал тағы бір ғұлама түрлі-түсті суреттерді қалай шығаруға болатынын айтып, сурет шығарудың процесіне дейін жазып қалдырған. Тіпті олар көктегі ғаламшарлардың орналасуын да, оған баруға мүмкіндік туатынын да білген. Нақты деректер бар.

Демек, «Тоғыз белгісіз» ұйымы бүгінгі күннің технологиясы енді ғана мүмкіндігі жетіп жатқан дүниелердің сырын баяғыда-ақ біліп қойған секілді.

Осыдан-ақ ол ұйымға өте мықты оқымысты-ғалымдар, өнер тапқыштар енгенін байқауға болады. ХІХ ғасырда Наполеонның Калькут қаласындағы елшісі Луи Жаколио ұйымның көптеген құпия құжаттарымен танысқан. Кейінен «Әлемді жалмайтын оттар» деген керемет құнды кітап жазып шыққан. Кітап қолдан қолға өткен. Онда «Тоғыз белгісіз» ұйымының тірлігі, олардың ашқан жаңалықтары жөнінде сөз болады. 1927 жылы Үнді полициясында 25 жыл қызмет еткен ағылшындық Талбот Мэнди жартылай зертеуден тұратын романын жариялады. Оның жазуынша,

«Тоғыз белгісіз» ұйымы ешқандай аңыз-қауесет емес, шындық екенін, әлі күнге тірлік етіп жатқанын нақты деректермен келтірген.

Кітапта адамзаттың ақыл ойының биік шыңы болып саналатын тоғыз кітап барын, оны тоғыз адам сақтап, иелік ететінін жазған. Бірінші кітап, адамға психологиялық әсер етудің жолдары туралы жазылған.

«Ең қауіпті ғылым ол — адамдардың сана-сезімін жаулап алу, сол арқылы бағыттау. Адамдардың миын апиынша улап алған соң, әлемді басқару қиын емес» деп жазады Мэнди.

Екінші кітап адамның жүрек-жүйкесіне байланысты. Онда түртіп қалып адамды өлтіру не болмаса тірілтіп жіберудің жолы көрсетілген. Көптеген шығыс жекпе-жегі осы кітаптан алынған деседі. Үшінші кітап, микро және макробиология жөнінде. Төртіншісі химияға байланысты. Мұнда кенді игере отырып, асыл темірлерді дүниеге әкелудің егжей-тегжейін жазылған. Демек ерте заман ғалымдары тастарды үгітіп, одан темірді қалай қорытуды және қандай қоспалар қоса отырып, берік дүниелерді әкелудің жолын бес саусағындай меңгерген. Бесінші кітап жер және ғарышпен байланыс жолын көрсеткен. Алтыншы кітап физика мен математикаға арналған. Жетінші құпия кітаптың негізгі тақырыбы күн және электр сәулелерін қалай меңгерудің жолдары қарастырылған. Сегізінші ғарышқа байланысты. Ал тоғызыншы кітапта қоғамның эволюциялық дамуының сатылары көрсетілген.

Бұл тоғыз кітап өте құпия сақталуда. Онда бүгінгі сізбен біз өмір сүріп отырған ғаламның бүгіні мен ертеңі толық жазылған.

Тіпті болашақта бізді не күтіп тұр. Ол да сонда жазылған көрінеді. Адамзаттың дамуына үлкен септік тигізіп отырған «Тоғыз белгісіздердің» мақсаты масондар секілді ақшамен әлемді қалай басқару емес, керісінше адамзатты оқыс жағдайлардан сақтандыра отырып, оның өркениетке қарай қадам басуына демеу жасау сияқты.

Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/khazakh-nege-mangyrt-tyrsyn-zhyrtbaj-305347

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз