Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

“Масқара!”. «Қазком» банк менеджері елдің ақшасын ұрлап, шетелге жіберіп отырған

Сотта ол барлық қылмысын мойындады. Және де, ол 2016 жылдан бері белсенді емес шоттарды байқаған. Сотталушы өзінің шотынан алынған қаржы туралы байқамаған клиенттерді танып алған. Өзінің таныстарының атынан банкомат карталарын аштырып, карталардан және шоттан ақша шығару туралы өтініштерді қолдан жасап, өзіне ақша аударған. Бұл операциялар автоматты түрде компьютерде рәсімделеді. Әдеттегі ақша аударымдарын шоттың иесінсіз өзі іске асырды.

2016 жылдың тамызынан бастап осы жылдың мамырына дейін ол әр түрлі валюталарда шамамен 9 млн. теңгедей аударма жасаған. 2-3 аударманы өтініш жазбастан рәсімдеген. Нәтижесінде, банк заңсыз әрекеттерін анықтады. Ол бұл қылмысқа отбасылық жағдайларға байланысты барды. Шетелде оқитын сіңілісінің оқуын төлеп отырған.

Банк өкілі сотта сотталушының барлық қарыздарын өтегенін және банктың ешқандай шағымы жоқ екенін  мәлімдеді.

Алмалы аудандық соты жасанды құжат жасап алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Банк жүйесінде және қаржы саласында қызмет көрсетуге 7 жылға тыйым салды. Аппеляциялық шағым өзгеріссіз қалды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз