Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Масқара, дизель бағасы 200 теңгеден асатын бопты. Қымбатшылыққа қатысты министрлік не дейді?

155

Энергетика министрлігі нарықтағы тапшылықты екі жағдаймен түсіндіреді.

– Өзімізде дизель отыны тапшы. Өйткені күзге қарсы қызу науқан басталды. Соған байланысты оны біз Ресейден сатып әкеп жатырмыз.

https://kaz.365info.kz/bygaltyr-khatelesipti-sagyntaev-deputattar-aldynda-khara-terge-tysti-319891

Ал Ресейде баға қымбат. Тіпті оны осында тасымалдау және сақтау құнын қоспағанда бір литрі 238,5 теңгеге шығып отыр.

Демек, біз шығындалсақ та бағаны қатты өсірмеудеміз. Бұл ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған бағадан 58,5 теңгеге, ішкі нарықтағы бағадан 28,4 теңгеге қымбат. Бұл – біріншіден.

Екіншіден, Үкіметтің 2018 жылдың 6 сәуіріндегі №173 қаулысына сәйкес, дизель отынының акциздік бағасы 1-маусымнан бастап 9300 теңгеге немесе бір литрі 7,7 теңге боп қымбаттады.

https://kaz.365info.kz/resejge-za-syz-tasymaldanyp-bara-zhat-an-1-tonna-dizel-t-rkilendi-206819

Бұдан бөлек министрлік бағаны реттеуге ешқандай құзіреті жоқ екенін баса айтып, мына дәйектерді алға тартыпты.

„Мынаны жақсылап түсініп алыңыздаршы, Қазақстанда дизель отыны бағасын мемлекеттік реттеу деген жоқ. Баға нарықтың ауанына қарай реттеліп отырады.

Ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отынын арзандату бойынша Энергетика министрлігінде ешқандай тетік қарастырылмаған. Ауылшаруашылығы үшін дизель отынын мемлекеттік субсидиялау деген де атымен жоқ„

делінеді ресми сауалға берілген ведомства жауабында.

Бірақ соған қарамастан министрлік мәселені шешу үшін жан-жақты талқылаулар жүргізіп жатқандарын да жеткізіпті.

https://kaz.365info.kz/zhelge-yshkhan-milliardtar-biliktin-ayakhsyz-khalgan-gasyr-zhobalary-316419

Айта кетелік, тура бидайды жинау науқаны басталған кезде тамыздың басында дизель отыны күрт қымбаттап шыға келді. 136 теңгеден 171 теңгеге көтерілген баға бүгіндері 188 теңгенің маңын маңайлап тұр. Ел арасында баға 200-ден асады деген жел сөз тағы бар. Мұны да біліп айтқан секілді естігендер. Бұл көп шаруа қожалығын тығырыққа тіреп, банкроттыққа ұшыратудың басты себебі боп кетуі де мүмкін. Фермелер қазір осылай деп дабыл қағуда.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, аграрлық саладағыларға 394,4 мың тонна дизель отыны қажет, жалпы жылдық тұтынысы – 769,4 мың тоннаны құрайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз