Мәнерлеп сырғанайтын атақты фигурисіміз Денис Тен Пхенчхандағы қысқы Олимпиада жарысынан ерте шығып кетті.
Ол бүгін мәнерлеп сырғанауда «қысқа бағдарлама» сайысына шығып, небәрі 70,12 ұпай алды.
Мұз айдынға төртінші болып шыққан қазақстандық спортшы 24 үздіктің ішіне кіре алмады. Ол 27-ші орында қалып қойды.
Енді Денис Тен «еркін сырғанаудағы» сайысқа шықпайды.