Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Масқара! Білім министрлігі талантты жас спортшылардың жігерін құм етті

Телеарнаның мәліметінше, оқуға түсе алмаған жастардың бір бөлігі – республикалық спорт мектебінің түлектері. Бессайыс түрін еркін меңгерген қыз-жігіттер осы уақытқа дейін Өзбекстан, Таиланд, Ресей сынды көптеген елдерде өткен халықаралық жарыстардан талай мәрте топ жарған екен.

“Санаты жоғары бәсекеден жүлде алып, ел намысын қорғасақ, оқуға да жол ашылады деген үмітіміздің үзілгеніне өкпеліміз.

https://kaz.365info.kz/zorlykh-faktisi-rastaldy-saryagashtagy-balanyn-myddesin-khorgaushylar-algash-ret-ashykh-sykhbat-berdi-326758

Мен бессайыстан жастар арасында Қазақстан чемпионы, Азия ойындарында жеңімпаз атандым. Қазан айында жасөспірімдер арасында өтетін Олимпиадаға қатысамын. 114 балл жинасам да, грантқа ілінбедім”,

– дейді Әділ Ибрагимов.

“Біз бессайыстан Азия чемпионы болдық. Осы уақытқа дейінгі еңбегіміз үшін осы оқу орнында оқитын шығармыз деген едік. Грантты қысқартқандықтан, ешқайсымыз түсе алмадық. Біз де білімімізді ары қарай жалғастырғымыз келеді”, – деді Людмила Яновиева.

https://kaz.365info.kz/khyzyndy-oltir-dedi-khytajga-tigen-khazakh-khyzynyn-akesi-ashynyp-malimdeme-zhasady-322888

Телеарнаның мәліметінше, балалары грантқа ілінбей қалған ата-аналар Туризм және спорт академиясының алдында таңнан жиналып, тағаттарының таусылғандығын, тығырыққа тірелген балаларына биліктің көмек көрсетуін сұрады. Шәкірт тәрбиелеп келе жатқан жаттықтырушылар да жағдайдың қиын екенін жеткізіп отыр екен.

“Менің балам спорттың волейбол түрімен айналысқан. Қазақстан бойынша бес дүркін чемпион атанған. Халықаралық жарыстардың чемпионы. КМС (спорт шеберіне үміткер – Авт.) қорғап алды.

Менің жоғары жақтан сұрайтыным, спорт саласында жүрген жасөспірімдерге көңіл бөлінсе екен деймін. Өйткені, олар Қазақстанымыздың болашағы”, – дейді ата-ана Қанағат Әбдірасылұлы.

Телеарнадағылардың мәліметінше, осыдан бір бір ай бұрын ғана тараған талап бойынша, 26-баптың 5-тармағына сәйкес, жалпы білім беретін мектептердегі түлектерден кім жоғары балл жинаса, сол грантқа ілінеді.

https://kaz.365info.kz/tagy-tagy-da-semejdegi-mektep-internatta-maskhara-zhagdaj-boldy-foto-316818

“1122 талапкер-спортшы тіркелген болатын. 1 мың 122 адамның, жоғарғы жетістіктегі спортшылардың 107-сі ғана осы 450 гранттан алып отыр. Яғни, 343 талапкердің дайындық деңгейі төмен немесе кейбіреуінің спортқа қатысы жоқ деп айтуға болады. Яғни, олар балының жоғары болуына байланысты осы білім гранттарын иемденіп отыр. Әрине, бұл кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Себебі, түспей қалғандардың көпшілігі – кішкентай кезінен бастап спорттың қыр-сырын меңгерген балалар”, – деді Қазақтың спорт және туризм академиясының проректоры Мұхтар Есқалиев.

Академия басшылары мен жаттықтырушыларының айтуынша, осы жылға дейін халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары атанған жоғарғы дәрежедегі спортшылар оқуға түскісі келсе, олардың жетістігіне басымдық беріліп келген.

Айта кетелік, 25 балмен грантқа түскен екі талапкер бар. Соның бірі дене шынықтыру бойынша оқуға түскен еді. Олар арнайы квотамен оқуға қабылданған. Спорт академиясында 4 жыл оқудың ақысы 2 млн теңге екенін баса айта кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз