Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Масқара! Алматы әуежайының қызметкерлері жұрттың жүгін ұрлап жүр

Мәселен, а.ж. 6 ақпанда Алматы қаласы әуежайындағы Ішкі істер желілік бөліміне 23 жастағы жолаушы арызданды. Арызданушының айтуынша, белгісіз біреулер оның жеке қол жүгінен 3100 АҚШ доллары көлемінде ақша ұрлаған. Оқиға а.ж. 3 ақпан күні «Алматы-Ашхабад» бағытындағы әуе рейсімен ұшу кезінде орын алған. Ол ақша қаражатының жоғалғанын Ашхабад қаласына жеткен кезде анықтаған.

Тура сол күні жедел-іздестіру шараларының барысында көлік сақшылары «ізін суытпастан» 30 бен 40 жас аралығындағы үш ер азаматты ұстады.

Тексеру барысында белігілі болғандай, жолаушылардың қол жүктерін қабылдап-тарату қызметкерлері оқиға орын алған күні күндізгі ауысымға түскен, осылайша «Алматы-Ашхабад» бағытындағы әуе рейсінің жүктерін өткізу барысында әуе кемесінің жүк салу бөліміне өтіп, мақсатты түрде жолаушылар чемодандарының бірін ашып, 3100 АҚШ доллары көлеміндегі бір бума ақша қаражатын алып шыққан. Ұрланған ақшаны олар өзара тең бөліп алған. Ұсталғандардың айтуынша, ақша қаражатын олар Алматы қаласының ақша айырбастау пунктерінің бірінде ауысырып, жеке мақсаттарында пайдаланған, банктердегі несиелерін жауып, ойынханаларда жұмсаған.

Ұсталғандар өздерінің аталған қылмысқа қатысы бар екендіктерін мойындады.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 бөлімі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергекудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Еске сала кетейік, жуырда Көліктегі ІІД баспасөз қызметі өткен жылғы 25 желтоқсанда «Ақтөбе – Алматы – Киев» бағытындағы әуе рейсімен ұшу кезінде жолаушылардың бірінің қол жүгінен су жаңа ұялы телефон мен зергерлік бұйымдар – сырғалардың ұрланғаны туралы хабарлаған.

Жедел-іздестіру шараларының барысында көлік полицейлері Алматы қаласы әуежайында ұрлық жасаған екі күдіктіні ұстаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз