2018 жылы қазақстандық ҰОС ардагерлерінің ешқайсысы Мәскеудегі парадқа бармайды.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
“Парадқа баратын қазақстандықтар, парадтың өзіне қатыса алатындарды, денсаулық жағдайына қарай бәрін ескердік.
Бүгінде бізде парадқа қатысуға бастама жоқ (ардагерлер тарапынан – ред.).
Биыл ешкім бармайды”, – дейді брифинг барысында вице-министр Светлана Жақыпова.
Оның сөзінше, ардагерлер қаласа 9 мамырға қарсы Мәскеуге жылда бара алады.
“Ардагер баруды қаласа, “Жолаушылар тасымалы” АҚ ТМД елдері бойынша тегін барып-қайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тегін тамақтандырылады. Барлық жағдай жасалады”, – дейді ол.
Ресми мәліметтер бойынша, бүгінде Қазақстанда 2 067 ҰОС ардагері мен мүгедегі (1 494 ардагер және 573 ҰОС мүгедегі), оларға теңестірілген 39 723 адам және ҰОС ардагерлеріне теңестірілген басқа санаттағы адам бар.
Министрлік мәліметі бойынша, Жеңіс күнінің 75 жылдығын тойлауға дайындық басталып кетті. “75 жылдықты атап өту шараларының жоспары жасалып жатыр. ТМД елдірінің барлығы қанша ардагер баратынын жоспарлауда”, – дейді еңбек және халықты әлнеуметтік қорғау вице-министрі.
Биыл ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне бір реттік төлем ретінде 2,7 миллиард теңге төленді. Сонымен қатар, қосымша әлеуметтік қолдау ретінде тағы 2,6 миллиард теңге қарастырылған (жергілікті бюджеттен – 2,4 миллиард және демеушілерден – 207,2 миллион теңге).