Ресей астанасы Мәскеуде орналасқан «Персей» сауда орталығы өртенді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ria.ru басылымына сілтеме жасап.
Мәскеудің шығысында орналасқан сауда үйі бүгін өртенді. Құтқарушылар орталыққа келушілерді сыртқа шығарып жатыр.
«Өрт қауіптілік деңгейіне қарай 2 ранг (жоғары) деп танылды. Зардап шеккендер бар. Келушілерді құтқару баспалдағы арқылы сыртқа шығарылып жатыр», –
деді Риа Новости басылымымен сұхбаттаушысы.
Өрт орталықтың төртінші қабатындағы ойыншықтар қоймасынан шыққан.Шамамен 300 ден аса адам ғимарат ішінен эвакуацияланған.Ғимараттың күрделі құрылымына байланыстыөрт сөндірушілер өрт шыққан жерге жете алмай қиналған.Бір адам қаза болған.Ол адам сауда үйінің қызметкері болған.