Мәскеу билігі жұмыс берушілерге кеңсе қызметкерлерінің жартысына жуығын біртіндеп қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруды ұсынды.
— Мұндай мүмкіндігі бар кәсіпорындарды кеңсе қызметкерлерінің кемінде 30%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшіруге міндеттедік. Тіпті қызметкерлердің жартысына дейін қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруды ұсынамыз, — деді Ефимов.
Сонымен қатар, ол қашықтан жұмыс режиміне көшу талабы тек кеңсе қызметкерлеріне қатысты екенін атап өтті. Өнеркәсіптік, сауда және сервистік кәсіпорындарда, тікелей жұмыс орында қызмет ететін барлық қызметкер жұмыс істей алады.
Ефимовтың айтуынша, 5 қазаннан бастап 1,8–2 млн адам қашықтықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс.
— Алдыңғы айлардың тәжірибесі көрсеткендей, көшелер мен қоғамдық көліктердегі адамның санын қысқарту, ауру жұқтырғандар санының өсуін тежеуге көмектеседі, — деп атап өтті әкімнің орынбасары.
Мәскеу билігінің қызметкерлердің 30%-ын, сондай-ақ коронавирустың қауіпті тобындағы жұмысшыларды: қарттар мен созылмалы аурулармен ауыратындарды қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру туралы бұйрығы 5-28 қазан аралығында әрекет етеді. Тек компанияның жұмысы үшін өте маңызды, жұмыс орнында болуға міндетті қызметкерлер ғана бұндай талаптан босатылады, сонымен қатар жаңа талап медициналық мекеме, қорғаныс кәсіпорыны, «Росатом», «Роскосмос» және басқа да бірқатар стратегиялық салаларға қатысты емес, деді Собянин.