Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Мәскеу жақын…”. Досым Сәтпаев Атамбаевтың нені меңзегенін айтып қойды

199

Досым Сәтбаев

Саясаттанушы Алмазбек Атамбаевты Орталық Азиядағы “қыран” болып көрінгісі келген алғашқы “ақсақ үйрекке” теңеді.

„Сайлауалды науқанның әсері бар ғой, әрине. Бірақ одан бөлек бұл арада екі мәселе бар.

Біріншіден, орталық-азиялық патриархтардың дәурені өтіп бара жатқанына деген сенімділік.

Бішкектегілер Өзбекстаннан кейін кезек Қазақстанға келеді деп күтіп отыр…

Екіншіден, олар аймақта тағы бір „үлкен ағаларды„ ешкім күтіп отырмағанын аңғартады.

Қырғыз билігі Қазақстанға не үшін өкпелі?

Атамбаевтың бұл мәлімдемесі тек сайлауалды науқанмен байланыстырсақ онда қатты қателесеміз. Реніш жиналып, өкпе баяғыдан қыжылға айналған. Екі елдің арасының шытынағанына біраз болды. Мәселен, Қырғыз елі Астанаға өз наразылығын сайлауға дейін де білдірген. Иә, Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа енгеннен бастап мұндайлар басталды.

Бішкек Қазақстанды „біздің тауарларды ортақ нарыққа енуіне жасанды жолмен кедергілер туғызып жатырсыңдар„ деп айыптады. Міне, осы кезде қара мысық арамызда жүгіріп өткен еді.

Қазақстанның 100 миллион доллар бөлген ақшасы да бұл ренішті жуа алмады. Армения мен Қырғыз Республикасының есебінен Еуразиялық экономикалық одақтың аясын кеңейткен

Мәскеуге Бішкек жақындай түсті.

Бұл арада қырғыз сайлауалды компаниясында Кремль кімге бәс тігіп отыр екен, осы арасы қызық. Ресейлік БАҚ-тарға сараптама жасасақ, олар Атамбаевтың да, Жәнібековтің де кандидатурасына онша көңілі толмайды. Атамбаевтың Мәскеуге жиі барып кеткенін есепке алсақ, ол өзінің орнына қоятын адамның позициясын нығайтуға әбден тырысқан секілді. Қалай дегенмен де Атамбаевтың орнына келетін адам бәрібір Астанамен де, Мәскеумен де жұмыс істейтін, билігін үкімет басымен бөлісетін болады, ал сыртқы саясатта қандай ұстаным ұстайды, онысы әзірге белгісіз.

Назарбаев Бабановты бекер қабылдаған жоқ

Өмірбек Бабанов

Сондықтан Ақордаға көрші елдің үкіметі басына келетін адамның кім болатыны маңызды болуы керек. Бұл арада Бабановты айтамын. Өйткені Қырғызстандағы Қазақстан инвестициясын қорғау жайы маңызды. Ал бұл ретте баяғыдан үлкен мәселелер туындап тұр. Сондықтан сайлаудан кейін де бізді тосын сыйлар күтіп тұруы ықтимал. Тағы бір жағынан, доқ көрсетіп жатқан Атамбаев әлі саясаттан кеткісі жоқ. Мұны да есепке алу керек”, — дейді саясаттанушы.

Атамбаевтың мәлімдемесінен соң қырғыздардың әлеуметтік желісінде „Қазақ досыма хат„ атты жазба жарияланып, ол көптеп бөлісілді. Соған қарағанда екі халықтың бір-біріне деген дұшпани ниеті жоқ, оны қаламайды.

Қырғыз халқы Атамбаевтың кетуін асыға күтіп отыр

Еділ Байсалов

Бұл хатта қырғыз азаматы Еділ Байсалов Атамбаевтың айтқанын бүкіл қырғыз халқы атынан айтылған сөз деп қабылдамауға, ал оның президенттік мерзімінің аяқталуына 54 күн қалғанын ескертіп,қазақ халқынан кешірім сұрағандай болады.

«… Нұрсұлтан Назарбаевты қырғыз халқы қатты сыйлайды, ол кісі біздің ата-бабамыздың көз алдымызда жүрген көзі секілді. Ол кісіге тіл тигізу – барып тұрған бассыздық.

Бүкіл жолдар мен бағдарлар тығыз байланыстағы, сайлауалды науқан алдында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшесі, өңірдегі көшбасшы – Қазақстанға тіл тигізу – жындану ғой таза.

Тұрақтылық деп мақтанады ма Атамбаев? 2005 және 2010 жылдарғы оқиғада оның таза үлесі бар, содан-ақ қырғыз халқы оның тез кетуін асыға күтіп отырғанын анық аңғаруға болады.

Бізге ешқандай да төңкерістің қажеті жоқ. Біз бейбіт түрде 15-қазанда билікті алмастыра аламыз. Ол қолымыздан келеді! Атамбаев армандамасын. Ол Бидзина Иванишвили де, Аятолла да, Ден Сяопин де бола алмайды.

Атамбаев екі халықтың ортасына от салады дегенге біз сенбейміз, өйткені Астана Атамбаевтың кім екенін жақсы біледі ғой. Абай атамыз қазақ пен қырғыз бір туған деп айтып, достықты мұра етіп қалдырған бізге, – деп жазады Байсалов.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі қырғыз БАҚ-тарында таратылған 2017 жылғы 7-қазандағы Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың Елбасына қатысты сөздеріне байланысты қатаң наразылық білдірді.

Алмазбек Атамбаев Назарбаевты Қырғызстанда өтіп жатқан президент сайлауына араласты деп айыптаған. Қырғызстан басшысының айтуынша, Қазақстан тарапы өзіне ыңғайлы үміткердің жеңіске жетуіне мүдделі болып отыр.  Еске салсақ, ертеректе Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі Назарбаевтың Қырғызстан президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен Алматыда кездесуіне қатысты нота жіберген болатын.

Бұдан бөлек Қырғыз елінің басшысы экономикалық мысалдар да келтірген.

„Қазақстанның ЖІӨ Қырғызстан экономикасынан 20 есеге үлкен. Қазақстанда орта есеппен әр азаматтың ЖІӨ бізден 10 есе жоғары. Бірақ неліктен көрші мемлекетте зейнетақы бізбен салыстырғанда жарты есеге ғана жоғары, тарифтері біздікінен 5 есеге көп„ деп салды Атамбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз